Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмыспен қамту шешімін табуда - АРҚА АЖАРЫ

Жұмыспен қамту шешімін табуда

Қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту маңызды мәселе болып табылады. Өйткені, бас бостандығынан айырылған адамдардың қолданыстағы заңдарға сәйкес мойындарына жүктелген міндеттері бар. 

Ол, ең алдымен, басқа азаматтарға тигізген материалдық шығынын өтеуі тиіс. Сонымен бірге, отбасына материалдық жағынан көмек көрсетуі, сот үкімі бо-йынша процесуалдық шығындарды өтеуі қажет. Сондай-ақ, аты айтып тұрғандай түзеу мекемелеріндегі  заң шегінен
аттап қылмыс жасаған азаматтарды түзу жолға салудағы басты және негізгі тәсілдің бірі – еңбек арқылы түзеу болып табылады.
ЕЦ-166/25 мекемесінде еңбекке жарамды адамдарды түгел еңбекке тарту бағытында мақсатты  жұмыстар жүргізіп келеді. Осы орайда, түзеу мекемесі жұмыс қолына мұқтаж жеке кәсіпкерлермен шарттар жасау арқылы сотталғандарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешуде. Бұл істе «Нужный продукт» ЖШС-імен өзара тиімді байланыстың орнағандығын ерекше атап өткен артық болмас. Серіктестік металдан жасалған қоршаулар, үй тұрмысына қажетті құрал-саймандар жасайды. Сотталғандардың арасында он саусағынан өнер тамған мамандар аз емес. Екіжақты осындай іскерлік байланыстан кәсіпкер де, түзеу мекемесі мен сотталғандар да ұтылмай, пайда тауып отыр. Өндірісін өрге бастыратын жұмыс қолын тауып кәсіпкер қуанса, пайдалы іспен айналысып, табыс табу жазасын өтеушілерге де тиімді. Манарбек Серғазин, Алтай Бекболатов, Роман Самойленко сияқты сотталғандар жақсы табыс тауып, отбас-тарына көмектерін көрсетуде.
Түзеу мекемесінде сотталғандарды еңбекке тарту ісімен еркін ұйымның өндірістік секциясы айналысады. Оның төрағасы Евгений Радченконың айтуынша, пайдалы іспен айналысып, жұмыс істеп жүрген сотталғандар стреске, басқа да жүйкеге салмақ түсіретін дерттерге көп бой алдырмайды екен. Пайдалы еңбекпен айналысып, материалдық шығынды төлеген сотталушылардың
мерзімінен бұрын бостандық алу мүмкіндігі де мол.

Ербол МУСИН,
ЕЦ-166/25 мекемесінің бастығы,
әділет майоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар