Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еуразиялық Экономикалық Одақ: дәйекті даму жолы - АРҚА АЖАРЫ

Еуразиялық Экономикалық Одақ: дәйекті даму жолы

Кеше Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Еуразиялық идея және посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. 

Конференция жұмысы университет алдындағы Шоқан Уәлиханов ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды. Ресей мен Қазақстанның ғалымдары бас қосқан мәртебелі мәжіліс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және облыстық әкімдіктің қолдауымен өткізіліп отыр. Негізінде гео-саяси, геоэкономикалық қауымдастықты құру идеясын өмірге әкеліп, нақты жүзеге асуына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1994 жылдың 29 наурыз күні М.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университеті қабырғасында сөйлеген сөзі  себеп болып еді. Әріден ойлап, тереңнен толғаған осы сөз бастаманың басы болатын. Сол жолы Елбасы:
«Еуразиялық одақ туралы идея ұлтаралық, мемлекетаралық мәселелер мен қайшылықтарды өркениетті түрде шешуді ұсынады. Халықтар интеграциясы саяси тәуелсіздік пен этникалық біртұтастықты сақтау арқылы қазіргі заманғы мемлекеттілік шын мәнінде еуразиялық кеңістіктің бейбіт дамуының саналы және өркениетті формуласы» деп атап айтқан болатын. Міне, осындай принциптік позициялардың шын мәнінде өміршең болғандығын бүгінгі таңдағы посткеңестік кеңістіктегі алуан оқиғалардың барысы айқын дәлелдеп отыр.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ашып, жүргізіп отырған Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдімүтәліп Әбжаппаров конференцияға қатысушыларға жолданған облыс әкімі, саяси ғылымдардың кандидаты Мәлік Мырзалиннің құттықтау сөзін оқып берді. Одан әрі шешен өз сөзінде бүгінгі тақырыпты тереңдете талдай келіп:
–Бүгінгі еуразияшылдық – жаңа кезеңнен болашаққа тартылған өзіндік тарихы бар өзекті әрі жаңашыл құбылыс. Еуразияшылдықтың мән-мағынасын бір ауыз сөзге сыйдыратын болсақ, ол – мәдени және еларалық тұтастықты сақтау негізіндегі әлеуметтік жаңару, экономикалық даму. Әсіресе, қазіргі уақытта еліміз күн өткен са-
йын жүйелі түрде жаңғырып, дамудың даңғыл жолына түсіп, әлеуметтік тұрақтылық пен халықтардың бірлігі одан әрі нығая түсуде,– деп атап өтті.     
Шынтуайтында да еуразияшылдық қоғамның тарихи тұрақтылығын уақыт талабына сай жаңартып-жасартатын, сан ғасыр бойы қалыптасқан әдет-ғұрпын, дәстүрін сақтайтын қарқынды даму үйлесімі. Оған қоса, еуразиялық одаққа, посткеңестік кеңістіктің барынша ықпалдасуына айқын бағдар жасалмақ. Ықпалдасу экономикалық даму талаптарын бұлтартпас басшылыққа ала отырып, егемендік пен демократияны сақтап, әрі нығайта түсетін қалтқысыз қағида. Оған қоса, еуроодақ пен әлемдік игілікті қауымдастыққа ықпалдастыруға орайластырылған бағыт. Түптеп келгенде бұл тәуелсіз мемлекеттер достастығы және Орта Азия елдерін Қытай, Түркия, Араб әлемімен өңірлік серіктестіктің дамуына зор септігін тигізбек.
Конференция барысында саяси ғылымдардың докторы, М.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің политология факультетінің тарих және әлеуметтік-саяси ілімдер кафедрасының меңгерушісі Александр Ширинянцтың, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің политология факультетінің деканы Александр Курочкиннің, осы университеттің кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы Владимир Гуторовтың және басқа да ғалымдардың баяндамалары тыңдалды. Осы арада Көкшетауда өткізілген конференцияға Польша, Беларуссия, Қырғызстан және Өзбекстан ғалымдары да баяндамаларын жолдағанын айта кетсек артық болмас.
Зиялы қауым тың ой-пікірлер тыңдап, пайымдады. Әсіресе, Қытайдағы Синьцзян мемлекеттік университетінің докторанты Нұрбақыт Кенжеханованың «Репатриант қазақтардың бейімделуі мен интеграция-лану үрдісіндегі қиыншылықтар» атты тақырыбындағы баяндамасы терең мазмұнға толы болды.
Конференцияның пленарлық мәжілісінен кейін секциялық отырыстар өткізіліп, оның жұмысы қорытындыланып, арнайы қарар қабылданды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар