Латын әліпбиі қызықтырды

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Латын әліпбиіне көшудің маңызы» атты ақпараттық сағат болып өтті.

Танымды шараға облыс орталығындағы жалпы білім беретін орта мектептер мен лицейлердің оқушылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Оқушылардың пікірінше, латын әліпбиін меңгеру аса көп қиындық тудырмайды. Өйткені, бүгінгі таңда кез-келген оқушы үш тілді  меңгеруде. Демек, осындай қарым-қабілетпен латын әліпбиін де тез арада оқып, үйреніп кететін мүмкіндіктері бар.
– Алдағы уақытта латын әліпбиіне көшкенде төл тарихымызды төрткүл дүние тегіс танитын болады. Бізге компьютерлік жаңа технологиялар  арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне даңғыл жол ашылады, – деп өз ойын сабақтады №1 орта мектеп-гимназиясының  оқушысы Ақбота Хамзина.
Ақпараттық-танымдық сағатта кітапхананың автоматтандыру және жаңа технологиялар бөлімінің меңгерушісі Андрей Шарук пен осы бөлімнің сектор меңгерушісі Абылайхан Жүсіпов жиналған оқушыларға латын әліпбиіне көшудің маңызын түсіндіріп, оңды бастаманы қолдауға шақырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар