Әйелдің ізгі жүрегімен

Облыс әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбеков  «Достар» мәдениет сарайында өткен іскер әйелдердің  облыстық  ІІ форумына қатысып, сөз сөйледі.  Форум жұмысына Шығыс Қазақстан облысының іскер әйелдері кеңесінің мүшелері мен облысымыздың барлық өңірлерінен кәсіпкер әйелдер жиналды. 

Көпшілік назарына алдымен бизнес саласындағы жетістіктер қамтылған көрме ұсынылды. Оған бұландылық жас кәсіпкер Ғайни Ахметова тіккен ұлттық нақыштағы автокөлік орындығының жамылғысы да қойылған.  Лобар Абдуғапарова болса, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан үш миллион теңге көлемінде несие алып, Аршалы ауданында балалар аяқ киімін тігетін шағын цех ашқан көрінеді. Көрмеден мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбеков  өңірімізде іскер әйелдердің күш-жігерімен атқарылып отырған жұмыстарға тоқталды. Мәселен, өткен жылы облысымызда 26 мың кәсіпкер әйел бар болса, қазір бұл көрсеткіш  екі есе өскен. Соңғы үш жылда кәсіпкерлер палатасы 400 қыз-келіншек пен әйелді бизнес негіздеріне оқытып, олардың 250-і өз істерін ашқан.  
Осындай деректерді тілге тиек еткен өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры  Қайрат Сұлтанов алдағы уақытта да өз кәсібін бастаймын деген әйелдерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін баса  айтты. Форумда өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Көгершін Бексұлтанова, Ақмола облысындағы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының директоры Сәуле Әбішева, салық кеңесшісі Галина Столярова және тағы басқалары жарыссөзге шығып, әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамытуға байланысты өз ойларымен бөлісті.      
Жиын соңында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан кәсіпкер әйелдер Алғыс хаттармен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар