Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел аң-таң... біз де аң-таңбыз! - АРҚА АЖАРЫ

Ел аң-таң… біз де аң-таңбыз!

Ел аң-таң… біз де аң-таңбыз! Жуырда «ауылы аралас, қойы қоралас» жатқан айыр қалпақты қырғыз елінің Президенті Атамбаев аяқ астынан шамданып, тулап шыға келді.

Кімге шамданғаны бір өзіне аян. Тәуелсіздік жылдары өсіп-өркендеп келе жатқандығымызды айдай әлем танып, мойындап отырған тұста Қырғызстан Президентінің Қазақстанның қол жеткізген табыстарына көлеңке түсіре сөйлеген сөзі Ақмола мен Көкшетау өңірінің жұртшылығының да ренішін туғызды. Бұл орайда, бұған дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Б.Сағынтаев Қырғызстан Президенті А.Атамбаевтың айтқан сөздеріне қатысты арнайы мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде Қырғызстан Президентінің сайлауалды мақсатта жасалған жауапсыз, арандатушылық мәнді және көпе-көрінеу жалған пайымы біздің елдеріміздің арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан өзара көмек пен достықтың дәнекеріне нұқсан келтірмеуі тиіс делінген.
Мәлімдемеде көрсетілген деректерге сәйкес, тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасы 20 есе өскен. Тәуелсіздік жылдары тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі $265 миллиардты құрады. «Елімізде тәуелсіздік жылдары 1,1 миллионнан астам қазақстандық отбасы баспанамен қамтамасыз етілді, 61 мыңнан астам отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартты. Жыл сайын орташа есеппен 270 мың жаңа жұмыс орындары құрылады. Біздің елімізде орташа өмір сүру ұзақтығы 72,3 жылға дейін артты», – делінген мәлімдемеде. Сондай-ақ, соңғы 15 жылда орташа еңбекақы мен зейнетақы 10 еседен астам көбейді. Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының ресми мәліметі бо-йынша зейнетақылардың ең төменгі және орташа мөлшері Қырғызстанға қарағанда сәйкесінше 5 және 3 есе жоғары.
Экономиканың тұрақты дамуы, елдің ІЖӨ өсімі Қазақстанға әріптес елдерге барлық көмек түрлерін көрсетуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 8 сәуірдегі Мәңгілік достық туралы шарт пен 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Одақтық қарым-қатынастар шарты аясында Қырғызстан Республикасымен бауырластық және тату көршілік қарым-қатынастарды нығайтудың жүйелі саясатын жүргізіп келеді.
«Осы жылдар бойы Қазақстан әсіресе, күрделі кезеңдерде, қырғыз халқымен бірге болды, Қырғызстан басшылығының өтініштеріне түсіністікпен қарады, өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде барынша ықпалын тигізді және энергия таратушыларды, азық-түлік және басқа да әлеуметтік маңызы бар та-уарларды жеткізуді қоса алғанда, елеулі гуманитарлық көмегін көрсетті», – деп жазылған мәлімдеме мәтінінде.
Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі аясында Қазақстан Республикасының Президенті $100 миллион көлемінде техникалық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Қырғызстанға гуманитарлық көмек желісі бойынша $20 миллионнан астам қаржы бөлінді, Бішкек пен Ош қалаларында жалпы білім беретін екі мектеп салынды. Қырғызстан экономикасына қазақстандық инвес-тициялар көлемі $820 миллионды құрады. Осының нәтижесінде мыңдаған қырғызстандықтар жұмыс орындарымен қамтылды.
Сөз соңында «Қырғызстан Президенті А.Атамбаевтың өз пайдасы мақсатындағы әредік қарсы шығу пиғылдарына қарамастан, Қазақстан Үкіметінің қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігі мен ынтымақтастығын одан әрі белсенді тереңдетіп, кеңейте түсуге ниетті екені» аталып өтілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар