Үлгі аларлық өнеге

Қазір не көп, той-домалақ көп. Ұлын ұяға, қызын қияға қондыратын ата-ана аста-төк той жасап, атақты әншілерді алдырып, ысырапқа барып жататыны бар.

Иә, ұлын үйлендіріп, қызын тұрмысқа беру әр ата-ананың абзал парызы іспеттес. Өз міндеттерін осылай шынайы көңілмен орындауға ниеттенген ата-аналар арасында ең алдымен Алласын бәрінен асқақ қоятын жандардың да аз еместігін көреміз.    Жақында Көкше елінде Мырза деген бір кәсіпкер азамат баласы Садамды  үйлендіріп, Әйгерім атты келін түсіріп, той жасады. Қарапайым тойдың бірі болғанымен, өзінің тағылымымен есте қалды. Өзгеге өнеге болатын ұлағат көрсетілді. Той иесі бұл жолы сырттан атағы жер жарған әнші «жұлдыздарды» шақырып, әуреге түскен жоқ. Керісінше, оған жұмсалатын қаражатты Алла жолына жұмсады. Бүгінде Көкше елінде жалғыз қари бар. Жыл сайынғы тарауық намаздарында Құран хатым түсіреді. Жаратушысының осы бір шынайы құлына Мырза бауырымыз 500 мың теңге көлемінде қамқорлық көрсетті. Ал,  жергілікті мешітке  және алдағы салынатын медресе құрылысына әрқайсысына 100 мың теңгеден ақша аударды. Біздің білуімізше, той иесі бес уақыт намазын қаза етпейтін жанның бірі. Биыл Алланың қалауымен қажылық парызын да өтеп қайтыпты. Бұл да асыл дініміздің көпке ұлағат болар бір сипаты дер едік.
Бақыт СМАҒҰЛ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар