Боз кілем иесін жеңді

№1 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резервтегі мектебінің директоры Мұхтар Усин спорттық күрес бойынша ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты мықтыларының үштігіне кірді.

Бұл әлем чемпионаты Болгарияның Пловдив қаласында өтті. «Kolodrum» спорт залының үш боз кілемінде бес салмақ дәрежесі бойынша еркін және грек-рим күресінен әртүрлі жастағы мықтылар анықталды.
Қазақстан құрамасына Ақмола облысының төрт палуаны кірді. Көкшетаулық Мұхтар Усин грек-рим күресі бойынша 70 келі салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасындағы жарыста күресті. Алғашқы белдесуде ирандықты ұтты. Жартылай финалда Франциядан келген әлемнің бес дүркін чемпионы Христову Георгиден жеңіліп қалды. Үшінші орын үшін болгарлықпен күресіп, оны қапы қалдырды. Сөйтіп, нәтижесінде байрақты бәсекеден мерейімізді үстем етіп оралды.

Махаббат БОЛЬШИНА,
облыстық дене шынықтыру және спорт  басқармасының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар