Облыстық сайлау комиссиясының 2017

Облыстық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 28 тамыздағы қаулысына сай Аршалы және Зеренді аудандарындағы №12 және №5 сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттардың орнына 2017 жылдың 29 қазанында аудандық мәслихат депутаттарының сайлауын өткізу белгіленді.  
Соған орай, Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің редакциясы кандидатпен келісім-шарт негізінде сайлау алдындағы үгіт үшін баспа қызметін ұсынады.
Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат болып тіркелгендер немесе олардың сенімді өкілдері үгіт материалдарын жариялау үшін редакцияға жазбаша өтініш береді. Бұл өтініште тіркелу нөмірі, күні, уақыты, үміткердің немесе сенімді өкілдің аты-жөні, тегі көрсетіліп, «Арқа ажары» газеті редакциясымен шарт жасалады. Жеке куәліктің және үміткер куәлігінің расталған көшірмелерінің болуы да қажет.
Редакция үгіт материалдарының түсуіне байланысты оларды жариялау күнін келісім-шартқа сәйкес белгілейді. Материалдар ақысы 100 пайыз толық төленгеннен кейін барып жарияланады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау» туралы Конституциялық Заңға сәйкес келмейтін үгіт материалдары газетімізде жарияланбайтындығын естеріңізге саламыз.
Үгіт материалдарының ақ-қара түсте ішкі беттерде бір шаршы сантиметрінің құны – 140 теңге. Құн салығы бірге есептелген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар