Пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының чемпионатында көкшетаулық спортшылар екі алтын, бір күміс иеленді.
Қостанай қаласында өткен жарысқа еліміздің әр аймағынан 500-ден астам спортшы қатысты. Олардың жас ерекшеліктері әртүрлі. Өйткені, пауэрлифтинг бойынша чемпионат жасөспірімдер мен ересектер, әйелдер мен ерлер арасында 15 салмақ бойынша өткізілді.
Жасөспірімдер арасында біздің жерлестеріміз Алёна Солопова 52, Рустам Сайфутдинов 83 келі салмақ дәрежесінде алтын медальға ие болып, жеңіс тұғырына көтерілді. Ал, күміс медальға 74 келі салмақ дәрежесінде Ерасыл Ахметов қол жеткізді. Айта кету керек, спорттың бұл түрі қазір жұртшылықтың қызығушылығын тудырып отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.