Базарың құтты болсын!

Өткен сенбі күні Көкшетау қаласындағы Тәуелсіздік алаңы мен «Алтын ғасыр» сауда үйінің алдында Атбасар, Еңбекшілдер, Зеренді, Сандықтау аудандары және облыс орталығы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ұйымдастырылған азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі тұтынушылар көңілінен шықты. 

Көкшетаулықтар тағатсыздана күткен азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі бұл жолы да әдеттегідей ұйымшылдықпен өтті. Таңертеңнен қала тұрғындары орталық алаңға ағылды. Жәрмеңкеге жиналған халықтың қарасы көп болды. Бірі базар бағасынан арзан азық-түлік іздесе, енді бірі қысқа осы бастан қамданып қалуға асыққандай. Жыл сайын облыс орталығында өтіп тұратын жәрмеңкелер шарықтап бара жатқан бағаны аз да болса тежеуге игі ықпалын тигізіп отырғандығы жасырын емес.  Бұл жолы да сол  дәстүр жалғасын тапты. Жәрмеңкенің өту барысын облыс әкімінің бірінші орынбасары Егор Каппель мен Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев қадағалады.
Бұл жолы жәрмеңкеге жалпы құны 155,9 миллион теңгеге 55 түрлі азық-түлік әкелініпті. Нақтылап айтатын болсақ, оның ішінде 63,7 тоннаға жуық ет пен шұжық, 20 тонна балық, 217,5 мың дана жұмыртқа, 30 тонна ұн мен макарон, 95 тонна картоп, 158 тонна көкөніс, 5 тонна қант, 18 мың литр күнбағыс майы, 21,6 тоннадан астам сүт, 14 тонна шөп және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдері бар. Ал, азық-түлік бағасына келетін болсақ, жылқы етінің келісі–1400, сиыр еті–1200, қой–1200, балық–330, картоп–85, жұмыртқа–18, сүт–140 теңгеден сатылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар