Бурабай туризмі өркендейді

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин «Қазақ туризм» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Рашид Күзембаевпен кездесіп, облыстың жергілікті атқарушы органдары ұлттық компаниямен бірлесе отырып Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту бағытындағы қолға алатын бірқатар мәселелерді талқылады. Кездесу барысында тараптар
Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту жоспарының үшінші кезеңін жан-жақты қарастырды. Естеріңізге сала кетейік, үшінші кезеңге инженерлік және туристік инфрақұрылымдардың құрылыстары,
курортты аймақтағы мәдени қызмет көрсету, сондай-ақ, спорт нысандары енеді. Рашид Күзембаев ұлттық компанияның ең басты міндеті – Қазақстанды халықаралық туризм орталығына айналдыру екендігін атап өтті.
Өз кезегінде облыс әкімі Мәлік
Мырзалин Щучинск-Бурабай курортты аймағында туристік саланы дамыту мақсатында әріптестікке әзір екендігін айта келіп, келесі туристік маусымға арналған дайындық жоспарымен бөлісті.
–Курортты аймақтың инфрақұрылымын дамытумен қатар, біз жол бойындағы қызмет көрсету сапасын жаңғыртуға кірістік. Келесі туризм маусымы басталғанша Ақмола облысының аумағында 9 модульдік павильондар мен демалыс алаңқайлары іске  қосылады. Оның төртеуі Астана-Бурабай бағытындағы тас жолдың бойында орнатылса, екеуі міндетті түрде Щучинск-Бурабай курортты аймағының аумағында орын тебеді,–деп атап өтті облыс әкімі.     
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар