Телекоммуникация желісін дамыту орталығының қызметкерлері арасында «Өз кәсібінің озаты» кәсіби шеберлік конкурсының қорытындысы шығарылды.
«Астанателеком» ӨТД техникалық директоры Александр Гераськоның айтуынша, астаналық дирекция базасында мұндай конкурстар тұрақты негізде өткізіледі екен. – Осындай конкурстар өткізу арқылы телекоммуникация қызметтерін қосқанда клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға тырысамыз. Бұдан басқа, біздің компаниямызда жыл сайын «Өз кәсібінің озаты» республикалық конкурсы өткізіледі, біз жарысқа қатысу үшін үздік үміткерлерді анықтадық,– деді Александр Герасько.
Осы жылы қазылар алқасы үш жүлделі орын бойынша 9 жеңімпазды анықтады. Жүлделі үшінші орынды Арман Алшынов, Қайсар Пернебеков, Медет Сұлтанов иеленсе, екінші сатыдан Михаил Максимов, Саян Доскеев, Ринат Аппасов көрінді. Байқау жеңімпаздары болып Асхат Мекебаев, Хаджымұрат Съезд, Дамир Ермекбаев танылды. Біз әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз және жұмыстарына табыстар тілейміз.
«Астанателеком» өңірлік телекоммуникация дирекциясының баспасөз қызметі.