Елбасы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

Кеше  Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Ауғанстан Ислам Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Кадам Шах Шахим, Польша Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Селим Хазбиевич, Канаданың Төтенше және өкілетті елшісі Николя Бруссо, Финляндия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Микко Кивикоски, Бельгия Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Алекси де Кромбрюгхе де Пикендаель, Франция Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ, Эстония Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Хейти Мяемеэс сенім грамотасын тапсырды. Мемлекет басшысы рәсімге қатысушыларға арналған сөзінде олардың дипломатиялық миссиялары Қазақстанның жаңа даму кезеңіне тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті.
– Біз Қазақстанның Үшінші жаңғыруын іске асыруға кірістік. «Рухани жаңғыру» атты ауқымды бағдарлама әрбір азаматымыз үшін ерекше мәнге ие болуда, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға экономикалық және имидждік тұрғыдан оң әсері болған Астанада өткен бірқатар халықаралық іс-шаралардың нәтижелеріне тоқталды. Атап айтқанда, халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесі, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті,  Төмен байытылған уран банкінің ашылуы және Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев елшілерді Қазақстандағы жауапты дипломатиялық қызметтерінің басталуы-мен тағы да құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар