Рухани жаңғыру: тәрбие мен білім

Кеше Көкшетауда Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – болашақтың бекем бағдары» атты семинар болып өтті. Бұл шарада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында белгіленген міндеттерді саралау және жүзеге асыру жайлары талқыланды.
Семинардың модераторы облыстық ішкі саясат басқарма басшысының міндетін атқарушы Архат Айбабин  кең көлемді шараның мән-маңызына тоқталып өтті.  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі білім беру департаментінің бас сарапшысы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы басқару офисінің «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының бас менеджері  Стелла Ыбыраева семинарда сөйлеген сөзінде білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді айтты.
Жалпы біздің облыста «Рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асыру мақсатында 107 жоба жоспарлануда. Атап айтсақ, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламалары бойынша 24, «Рухани қазына» бағытында 79,  ал, ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарды байытып, туризмді дамыту мақсатында қолға алынған 4 «Атамекен» жобасы бар.
Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаеваның айтуынша, «Қазақстанның 100 қасиетті орны» республикалық тізіміне 11 нысан мен 8 жоба кірген. Мәселен, Ерейментау ауданының аумағындағы Құмай бірегей археологиялық және этнографиялық кешені бар. Шежіре тұнған тарихи ескерткіштерде талай сыр жатыр. Сонымен қатар, облыста «Атамекен» кіші бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ағымдағы жылы 4,8 миллиард теңгені қамтыған 57  жоба қолға алынды.
Шара барысында облысымызда атқарылып жатқан жұмыстарға да баға беріліп, алдағы уақытта аталған тақырыптар бойынша аудандармен бірлесе қызмет ету, тәжірибе алмасу туралы да ұсыныстар айтылды.
«Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар