Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балауыз мүсіндер көрмесі Көкшетауда - АРҚА АЖАРЫ

Балауыз мүсіндер көрмесі Көкшетауда

Көкшетауға Санкт-Петербургтің балауыз мүсіндер музейінің көшпелі көрмесі келді. Әлемге танымал музей мұнда ең таңдаулы деген балауыз мүсіндерін әкелген екен. Айта кетерлігі, мұндай көрме Көкшетауға бұдан бұрын да келген болатын. 

Балауыз мүсіндері музейінің тарихы өткен ғасырлардан бастау алады. Алғашында Батыс елдерінде құрылған осындай музейлер кейінірек әлемнің әр аймақтарында ұйымдастырылып, жұртшылықтың қызыға тамашалайтын дүниесіне айналды. Негізінен әлемге танымал атақты адамдардың мүсіндерінен және түрлі әдебиет, ертегілердің кейіпкерлерінен тұратын музей экспонаттарының бір ерекшелігі, бейнеленген кейіпкердің дене бітімі, бойының ұзындығы, тіпті киім үлгісіне дейін дәл берілуінде. Көкше өңіріне әкелінген музей көрмесінен Ресей императоры  І Петрден бас-
тап, КСРО-ны басқарған Ленин, Сталин, Горбачевтардың, бүгінгі Ресей президенті Путиннің балауыз мүсіндерін көріп тамашалауға болады. Шинель киген Сталин мен кәстөм-шалбар киіп, галстук  таққан Ленин бір столдың басында жайғасыпты. Бір жақ шетте жарты әлемді жаулап алған атақты Шыңғыс хан отыр. Кино өнерінде өшпес із қалдырған Чарльз Чаплиннің, орыстың ұлы ақыны Пушкиннің бейнелері де өте шеберлікпен жасалған және шынайылығымен көз тартады. Әлемдегі бойы ең ұзын – 2,5 метрлік алып қытайлық әлемдегі ең кішкентай ауғанстандық қызды алақанына салып көтеріп тұр. КСРО-ның соңғы президенті Горбачев жылмия күлімсіреп, алысқа көз тігіпті. Пушкиннің жанында отырған күтуші әйелдің бейнесі, тіпті тірі адамнан аумайды. Жалпы, балауыз мүсіндердің бәрі де тірі адамнан аумай жасалғаны соншалық, бір қарағанда кәдімгі музейдің қызметкері екен деп қалатындай.
Көрмеде балалар мультфильмінің кейіпкерлері  Буратино мен Шрек және оның достары да көрнекті жерден орын алыпты. Балауыз мүсіндер көрмесі облыс орталығында қазан айының соңына дейін болады.

Суретте: А.Пушкин және оның жанында отырған күтуші әйелдің бейнесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар