Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Латын әліпбиіне көшу: үміт пен күдік - АРҚА АЖАРЫ

Латын әліпбиіне көшу: үміт пен күдік

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы газетке жарияланған күнінің ертеңіне облыстық «Арқа ажары», «Бұқпа» газеттерінде өз пікірімді білдірген болатынмын.  Сонда қолдай отырып былай жазып едім: «Рухани жаңғыру жолында жүзеге асуы тиіс бірнеше міндеттер алға қойылды.

Соның бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру», – деп Елбасының ойтүзер мақаласынан дәйексөз келтіріппін. Оны келтірмей-ақ қояйын, мақаланы оқыған адамға белгілі.
Менің айтайын дегенім, Парламентке латын әліпбиінің жобасы ұсынылып, комиссия құрылғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында  пікір айтушылар толып кетті. Әсіресе, игі жақсылар, зиялы қауым өкілдері екі қолын бірдей көтеріп, тамаша деп жатыр. Менімше, «тамаша» деп қол соқпай, ой елегінен өткізіп, өз ұсыныстарын айтса дұрыс болады деп ойлаймын. Латын әліпбиіне көшу заман талабы екенінде дау жоқ.  Зерттеушілердің дәлелдеуіне қарағанда, бүкіл дүниежүзіндегі ғаламтор материалдарының 80 пайызы латын жазуымен жария-ланып келе жатыр екен немесе кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен. Алғашқы ұсынылған әліпбиде 25 әріп (таңба) болды, оған төл дыбыстарымыздың 8 диграфын қосыпты. Дәлірек  айтқанда ұялы телефон мен компьютердің клавиатурасында бар 26 әріптен құралған.
Елбасына жақында ұсынған нұсқада 32 әріп бар, 9 әріп апостроф (әріптің үстіңгі оң жағындағы  ноқат) арқылы берілген. Менімше, мұнда да әлі шалалық жеткілікті. Орыс тілінен және халықаралық термин, әсіресе, қазіргі күнде жиі қолданылатын нарықтық экономика терминдері  арқылы келген сөздерде болатын Ё, Ц, Щ, Э, Ю, Я әріптері алып тасталған.
Аттарын айпай-ақ қояйын, біреулер «42 әріп – мойынға тағылған қарғыбау, аяғымызға салынған тұсау» деп жазса, біреу «латынға көшу – өз еркіңмен өшу» деп жазады. Кім білсін?..
Алайда, ұсынылып отырған әліпби нұсқасы, жалпы латын қарпіне көшу жобасы әлі де талқылауды қажет ететіні айдан анық.
Шынында да, латынға көшсек – түбі бір түркі халқымен, сырттағы 5 миллион қазақпен жақындасатынымыз аян. Сондай-ақ, латынға көшу арқылы біз ұлтымыздың әлемдік бәсекеге қабілеттілігін арттыратын кейбір мәселелерді шешуіміз керек. Мәселен, ағылшын алфавитінің негізіндегі жаңа қаріп жүйесі жастарымыздың ағылшын тілін меңгеруін жеңілдетеді әрі жеделдетеді.
Бәрі де дұрыс делік, бірақ, бас шұлғи бермей, күдігіңді де айту керек қой, біліп тұрсаң ұсынысыңды айт.
Ал енді күдік деп отырғаным, кейбіреулер латын әліпбиіне көшуді соза бермей, жеделдету керек дегенді айтады.Алдымен мұндай маңызды мәселеде асығыстық болмау керек. Екіншіден күдік тудыратын бірнеше мәселе бар: қазақ тіліне сұраныс жоқ елде латын әліпбиіне сұраныс болуы екіталай; латын әліпбиімен шығатын ұлттық баспасөзге деген сұраныстың азайып кетуі; жекеменшік мекемелердің  бұрынғыша кириллица әріптерімен жұмыс істей беруі; жаңа әліпби бойынша оқытатын білікті мамандар дайындау; әліпби екіге бөлінгеннен кейін қазақтардың бұрыннан да кириллицамен оқитын тобы латын шрифтісімен жазылғандарды мүлде қолға алмай кетуі; сол сияқты орыс және қазақ тілді болып екіге бөлініп кеткен қазақ ұлты екі түрлі әліпбиді қолдана бастағанда ара жіктері тіпті ашылып, әрі қарай тереңдей түсуі; мемлекеттік мекемелерде іс жүргізуді латын қарпіне көшіру мәселесі т.б.
Алдағы уақытта ұсынылып жатқан жобалар, бағдарламалар іске асырылған жағдайда қазіргі кириллица жазуынан да артық техникалық қиыншылықтарды туғызатынын ескерген жөн. Қазіргі пікір білдірушілерде техникалық мәселелерге мән беріп жатқандары жоқ. Әрбір жаңа істі қолға алғанда, алдымызда жүріп өткендердің тәжірибесіне сүйеніп, кем-кетігін жетілдіріп, алға басу қажет екені белгілі. Айталық,  латын әліпбиіне көшу Түркіменстан, Әзірбайжан, Өзбекстан т.б. елдерде қалай жүргізілді, оның олқылықтары, бәрі-бәрі бізге сабақ болуы керек.
Латынға көшу бизнес пен мемлекеттік бюджетке қаншаға түседі? Оны қазір ешкім дөп басып айта алмайды. Оған кететін қаржының ұшан-теңіз екенінде дау жоқ. Экономиканың қазіргі жағдайында оған бас ауыртып керегі жоқ деп ойлаймын. Ел экономикасы түзелгеннен кейін есептей жатар… Ерте ме, кеш пе латын әліпбиіне көшу қажет болатыны аян.
Совет  БАЛТАБАЙ,
зейнеткер, Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар