Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«ДАИШ». Ол туралы не білеміз? - АРҚА АЖАРЫ

«ДАИШ». Ол туралы не білеміз?

ДАИШ немесе орыс тілінде қысқартылып, ИГИЛ (ҚР аумағында тыйым салынған террористік ұйым) аталып жүрген қазіргі Сирия жерінде жазықсыз жандарды қырғынға ұшыратып жатқан экстремистер кімдер және олар қайдан шықты? Ғаламтор арқылы тапқан мәліметтерге назар аударсақ, мына жайларға қанығамыз. ДАИШ атанған бұл ұйымның қысқаша атауы «Ирак және Левант жеріндегі ислам мемлекеті» деген ұғымды білдіреді екен. Левант деген Сирия аумағында орналасқан ежелгі аймақтың тарихи атауы. Бұл ұйым қайдан шықты? Енді осыған назар аударып көрелік.

АҚШ бастаған Батыс елдері өздеріне мойынсұнбаған Ирак президенті Саддам Хусейнді химиялық қаруды пайдалануда деп жазғырып, тәуелсіз мемлекетке баса көктеп кіріп, Ирак армиясын талқандағаны белгілі. Қолға түскен Саддам Хусейнді химиялық қару қолданды деген айыппен өлім жазасына кескен болатын. Дегенмен, кейін белгілі болғандай, Ирактан химиялық қару табылмады. Десе де, болар іс болып қойғандықтан және АҚШ сияқты алпауыт елге ешкімнің тісі батпайтындықтан, бұл мәселе «жабулы қазан жабулы» күйінде қала берді. Диктаторды құлатып, Ирак мұнайына қолы жеткен АҚШ-тың Иракта әскери күштің көмегімен өздеріне саяси тәуелді демократиялық мемлекет орнатамыз деген мақсаттары жүзеге аспады. Керісінше, Саддам Хусейн кеткен соң елде ішкі күштер бас көтеріп, алауыздық күшейе түсті. ДАИШ атанған қарулы содырлардың бас көтерген кезі де дәл осы тұс болатын.
ДАИШ Саддам Хусейннің офицерлері құрған сунниттердің үстемдігін орнатуды көздеген әскери топ болды. Олар ел ішінде лаңкестік әрекеттер жасау арқылы АҚШ құрған үкімет пен олардың әскерлерінің арасында үрей туғызуға тырысты. Бұрынғы әскерилерден құралған жаңа экстремистік күш сол тұстағы Аль-Каида сияқты лаңкестік ұйымдар санатына қосылып, Кіші Азия аймағындағы тыныштықты бұзатын лаңкестік күшке айналды. Жаңа топтың көшбасшылығына Абу Бакр аль Бағдадидің келуі оның әрекетін белсенді ете түсті. Аль Бағдади өзін ислам әлемінің халифімін деп жариялап, Ирак пен Сирия аумағында ислам мемлекетін құруға білек сыбана кірісті. Атап өту керек, бұл экстремистік ұйым ешкімнің қолдауынсыз өз күштерімен әрекет еткенде, ғұмыры ұзаққа бармас та еді. Дегенмен, әрдайым әлдекімдердің қолымен от көсеп, сол арқылы саяси ұпай және экономикалық үстемдікке ие болуға ұмтылуды әдетке айналдырған АҚШ пен Батыс елдерінің астыртын қолдауы жаңа лаңкестік ұйымның тез жетістіктерге жетуіне ықпалын тигізді. АҚШ әскери нұсқаушылары ДАИШ баскесерлерін оқытып, әскери білімнің қыр-сырын үйретті. Осылайша Иракта құрылған дін атын жамылған экстремистік ұйым көп ұзамай, Сирияның біраз жерлерін басып алып, шариғат заңына негізделген мемлекеттерін құруға қол жеткізді.
Мыңдаған жазықсыз жандардың өмірін қиып, әйелдерді күңдікке салып, өзге дінді ұстанатын ер адамдарды халықтың алдында атып, асып өлтіруді  әдетке айналдырған ДАИШ баскесерлерін ауыздықтаймыз деп әлемге жар салған АҚШ пен Батыс елдері тіпті, әскер жіберіп соғысып жатқандарына қарамастан, қандықол қарақшылардың ұйымы әлі күнге дейін өздерінің қанды қырғындарын жалғастырып келеді. Өйткені, сырт көзге экстремистермен күрескен сияқты әрекет жасаған Батыс елдері шындығында Сирияны Башар Асад билігінен айыру үшін ДАИШ  баскесерлерінің қолтығына астыртын су бүркіп отырғаны жасырын емес. Олардың осы кезге дейін Асад бастаған мемлекет күштеріне тойтарыс беріп, басып алған Сирияның біраз аумағын ұстап отыруының астарында осындай астыртын саяси ойын жатқаны шындық.
ДАИШ баскесерлерінің Сирияның қарулы күштеріне бой алдырмай отыруының тағы бір себебі ретінде олардың қатарының үнемі шет- елдік жаңа «жихадшылармен» толығуында десек, шындықтан алыс кетпейміз. Тілінен майы тамған уағызшылар интернет арқылы әлемнің бар аймағында уағыз айтып, олардың тәтті тілдеріне алданып жатқандар барлық мұсылман елдерінде кездесуде. Өкінішке орай, өзге елде бастарын қатерге байлап, ислам дініне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын экстремистік пиғылды жат ағымның ықпалында жүргендердің арасында қазақ бауырларымыз да бар. ҰҚК мәліметі бо-
йынша, бүгінгі күні төрт жүзге жуық қазақстандық ДАИШ құрамында соғысып жүр.
Негізінен сәлафиттік ағымды ұстанатын ДАИШ содырларына еліктеп, ислам мемлекетін құрғысы келетіндер біздің елімізде де бой көтеріп жатқаны «жау жоқ деме, жар астында» деген халық даналығын еске салады. Осы орайда, Елбасымыз Н.Назарбаевтың мұндай қатерлі жат ағымдардың ықпалынан жастарымызды сақтау, ондайларға қарсы пәрменді күрес жүргізу жөнінде құзырлы органдарға нақты тапсырмалар беруі «жаман ауру жұққыш келеді» дегендей, мұндай қатерлі ағымға қарсы аяусыз күресу қажеттігін тағы бір көрсеткендей болды.
Өкініштісі сол, жап-жас жігіттердің арасында қауқитып сақал қойып, шолтиған шалбар киетіндер мен бет-ауыздарын қара матамен бүркеп алған қыз-келіншектердің көбеюі осы жат ағымдардың салдары. Мемлекет басшысы сәлафизмге қатысты өзінің нақты пікірін айтты, ендігі арада атқарушы билік бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп, ислам дініне жат қатерлі ағымға заң жүзінде тосқауыл қойса, құба-құп.
Ауруды емдегеннен гөрі, алдын алудың тиімді болатыны сәлафизм сияқты қатерлі ағымның салдарымен күрескеннен де, себебін жоюдың тиімді екенін Сирия мен Ирактағы жағдай көрсетіп отыр.

Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар