Мылтықты орманнан тауып алыпты…

Жол күзеті полициясы қызметкерлері Астана-Петропавл жолының бойында жеке көлігімен рұқсат етілмеген суық қару әкетіп бара жатқан азаматты ұстады.

Жол күзеті қызметкерлері түн ортасында күре жолда «Фолксваген-Пассат» автокөлігін тоқтатып, құжаттарын тексеру барысында көліктің артқы орындығында жатқан атыс қаруын көреді. «Сезікті секірер» дегендей, рульде отырған жүргізушінің қобалжыған түріне қарап, әлгі қарудың жай еместігін түсінген полиция қызметкері тексере келгенде,  ИЖ маркалы мылтық пен патрондарының рұқсат қағазы жоқтығын анықтады. Олай-былай жалтарып көрмек болған жүргізуші болмағасын «мылтық пен оқтарды орман ішінен тауып алдым» деп жалтарады. Әрине, жап-жаңа мылтық пен оқталған патрондарды орман ішіне есі дұрыс адамның тастап кете салмайтынын ол ойламаған да секілді. Қазір полиция бұл азаматтың қаруды қайдан алғандығын тексеруде.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар