Субсидияның пайдасы зор

Биылғы жылы облыста егіншілік саласын қолдауға бағытталған субсидиялау бағдарламасына бюджеттен 10,7 миллиард теңге қарастырылып, ол мол әрі сапалы өнім алуға мүмкіндік берді.

Осы орайда, егіншілік шаруашылығын қолдайтын бағдарламалардың барлығы тек қана жергілікті бюджеттен қаржыландырылатынын атап өткен жөн.  Бұл бағдарламаларға республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлу қарастырылмаған. Тұқым шаруашылығын дамыту бірінші басымдылыққа жатқызылып, оған жергілікті бюджеттен 582 миллион теңге бөлінді. Ал, тыңайтқыш сатып алуды субсидиялау екінші басымдыққа жатқызылып, бұл бағдарламаға жергілікті бюджеттен 1,6 миллиард теңге қарастырылды. Үшінші басымдық – гербицидтерді сатып алуды субсидиялау. Бұл бағдарламаға 8,6 миллиард теңге бөлінді. Биылғы жылы тұқым шаруашылығына бөлінген 583 миллион теңгенің арқасында алғаш рет өңірдегі егіс алқаптарының 5 пайызына элиталық тұқым сіңірдік. Биыл себілген элиталық тұқым алқабы 31 мың гектарды құрады. Жалпы, сапалы тұқым 240 мың гектар алқаптағы астықтың мол шығуына әрі сапалы болуына ықпал етті. Мәселен, Зеренді ауданындағы «Викторовка» серіктестігі дәнді дақылдардың әр гектарынан орта есеппен 29 центнер, Сандықтау ауданындағы «Свободный» серіктестігі – 24,3 центнер,  Атбасар ауданындағы «Алатау» серіктестігі – 22,5 центнер,  Жақсы ауданындағы «Новокиенка» серіктестігі – 19 центнер астық жинады. Бұл бағдарлама бойынша өтінім берген барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тұқыммен қамтамасыз еттік. Сөйтіп, бағдарлама облыстағы тұқым шаруашылығын дамытуға серпін берді. Өткен жылы бірінші өнім, биылғы жылы элиталық өнім тұқымын сатып алу субсидияланды.
Екінші бағдарлама – тыңайтқыш сатып алуды субсидиялау бойынша белгілі бір қиындықтар болды. Жыл басында бөлінген қаржының жеткіліксіз екенін аңғардық. Дегенмен, субсидия нормативі сатып алынған тыңайтқыш бағасының 50 пайызын құрайды.
Биылғы жылы 1 миллиард 576 мың теңгенің субсидиясы төленді. 28 мың тонна тыңайтқыш сатып алынды. Бұған бағдарлама бойынша үнемделген қаржы қосылды. Бүгінгі таңда 597 миллион теңге субсидия үлестірілді. Жалпы облыс бойынша 33 мың тонна тыңайтқыш сатып алынды. Өткен жылы 22 мың тонна тыңайтқыш енгізілді. Қазір ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тыңайтқыштың ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен өнімділігін арттыруда ерекше рөл атқаратынын түсінді. Сондықтан, келесі жылы бұл бағытқа 1,8 миллиард теңге бөлінбекші. Биылғы жылы біз бөлу есебінен бағдарламаға 2,2 миллиард теңге енгіздік.
Гербицидтер сатып алуды субсидиялау есебінен соңғы үш жыл бойы бірқатар алқаптарды жөнге келтірдік. Осының арқасында соңғы жылы астықтың шығымдылығы мен сапасы жақсарды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында үш жыл бойы гектарынан 11-12 центнерден тұрақты астық алынуда. Биылғы жылы жаңбыр өткен жылдағыдан екі-үш апта кеш жауса да гектар берекесі 11,8 центнерді құрады. Бірқатар аудандарда жаңбыр өте аз жауды. Дегенмен, ылғал сақтау технологиясының арқасында мол астыққа қол жеткізілді. Биылғы астықтың сапасы өткен жылдардағыдан анағұрлым жақсы. Мәселен, өткен жылы 3 класты бидай 50-60 пайызды құраса, биыл бұл көрсеткіш 86 пайызға жетті.
Сондай-ақ, бидайдың қамырлығы да жақсарғанын атап өткен жөн. Бұған биылғы жылғы жұмыстың нәтижесі ықпал етті. Жалпы бөлінген қаржы тұқымды жаңартып, сапалы астық алуға мүмкіндік берді. Субсидияның тағы бір ерекшелігі жөнінде атап өткен жөн. Көктемгі егіс науқаны «ҚазАгро» қаржылық институтының несиесі есебінен жүргізілгені белгілі. Ал, орақ науқанын жүргізуге ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қаржысы болмады. Несие алуға кепілдік қажет. Оның үстіне уақыт тапшы. Осындай кезде оларды гербицид сатып алуды субсидиялау құтқарды. Орақ алдында диқандарға 8,5 миллиард теңге бөлдік.
Осы қаржының есебінен биылғы жылғы орақ науқаны жүргізілгенін атап өткен жөн. Ал, гербицидтің төлемақысы кейін төленеді. Бұл бағдарламалар бойынша үнемделген 879 миллион теңгеге қарамастан, тұқым шаруашылығын дамытуға, тыңайтқыш пен гербицид сатып алуға өтінім бердік. Азықтық дақылдардың маңыздылығын түсініп, оны өсіруді қолға алдық. Бұған дейін бағдарламада азықтық дақылдарды гектар бо-йынша субсидиялау болған жоқ. Үнемдеудің арқасында бұл бағытқа 250 миллион теңге бөлінді. Жылыжайларды да субсидияладық. Екі жылыжайдың тыңайтқыш сатып алуы үшін 31 миллион теңге бөлінді. Бұл сома жеткіліксіз болғандықтан, үнемделген қаржы есебінен тыңайтқыш сатып алу қажеттілігін жабамыз.
Биыл 33 мың тонна тыңайтқыш сатып алынады. Келесі жылы бұл бағыттың дамуы сол қалпында қалады. Тыңайтқыш сатып алу бойынша үнемдеуді анықтаймыз. Гектар бойынша субсидиялау бағдарламасын жүргіземіз. Бұдан соң тұқым шаруашылығын дамыту, гербицидтер мен тыңайтқыштар сатып алу жұмысын жүргіземіз. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер тарапынан шағым түскен жоқ. Бізге түскен қаржы толық төленді. Қарашада тыңайтқыштар сатып алынады. 597 миллион теңгені осы айда игереміз. Бұл бағдарламалар қаржыны көп қажет етеді. Осы орайда, республикалық бюджеттен бірнеше мәрте қаржы бөлуін сұрадық. Субсидия нормативіне 2-3 миллиард теңге бөлінсе артық болмас еді. Жергілікті бюджет шектеулі болғандықтан, біздің қажеттілігімізді жаба алмайды. Сондықтан, мәселе жұмыс тәртібінде шешіледі. Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен зиянкес жәндіктерге қарсы күрес жұмысы субсидияланады. Бұл бағытта да биыл белгілі жұмыс жүргізілді. Шегірткелерге қарсы күрес заңнама шеңберінде жалғасады.

 Тұқым шаруашылығына қомақты қаржы бөлінді. Зертханаларда сапалы тұқымды зерттеу жұмысы жүргізілуде. Біз гектар нормативтерін де ұлғайтар едік. Гербицидтер мен тыңайтқыштар бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, арамшөбі көп алқапқа тыңайтқыш сіңіруге болмайды. Егер қаржы қалса, оны гектар бойынша субсидиялауға бағыттаймыз. Қаржының бір бөлігі мал шаруашылығын қолдауға жұмсалады. Бағдарламада өңделетін майлы дақылдарды субсидиялау қарастырылған. Қаржының жоқтығынан бағдарламаның бұл бөлігі субсидияланбады. Жалпы, субсидиялаудың арқасында мол әрі сапалы астыққа қол жеткізгенімізді тағы бір айта кетсек артық емес.

Мұрат БАЛПАН,
Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар