Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жер телімдері қалай берілуде? - АРҚА АЖАРЫ

Жер телімдері қалай берілуде?

Облыс бойынша «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты жөнінде өңірлік партия кураторы комиссиясының отырысы болып өтті.

Онда  Көкшетау қаласында жекеменшік тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін бөлу мәселесіне байланысты Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуы талқыланды. Отырысты комиссияның өңірлік кураторы, облыстық әкімдік жанындағы өңірлік мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Әлібек Баймағамбетов ашып, жүргізіп отырды. Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Берген Беспалинов өз сөзінде бүгінгі таңда жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық мәселесінің өзектілігін атап өтті.
– Экономиканың дамуы мен жердің шаруашылық айналымындағы ауқымын ұлғайту жағдайында жер заңнамасының маңыздылығын, бұл саладағы қатынастың сапалы әрі тиімді түрде құқықтық реттелуін қамтамасыз ету оңай емес. Жер саласында жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың міндеті мен құзыретін айыру қиын мәселе болып отыр. Көптеген көрсетілетін қызметте ведомстволық бақылау мен мемлекеттік органдар арасында өзара іс-қимыл жоқ. Нормативтік актілер сәйкес келмейді. Артық құжаттар талап етіліп, қолдан әкімшілік кедергілер жасалады. Осы құқық бұзушылықтың бәрі сыбайлас жемқорлыққа алып келеді. Осыған байланысты департамент жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлыққа тәуекелділік мәселесіне талдау жасады,– деді департамент басшысы. Жер заңнамасын бұзуға мемлекеттік бақылаудың осалдығы, жергілікті атқарушы органдар шешімінің заңсыздығы, жер телімдерін берудің ашық еместігі, бос жер телімдері жөніндегі ақпаратқа тұрғындардың қолжетімсіздігі, заңсыз берілген жер телімі үшін қолданылатын қылмыстық және әкімшілік жазаның тиімсіз жүйесі ықпал етуде.
Облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Нұрмұхамет Махитовтың айтуынша, кодекстің 50 бабына сәйкес әр азамат жекеменшік тұрғын үй құрылысы үшін 0,10 гектар жер телімін тегін алуға құқылы. Бүгінгі таңда облыс бойынша бұл жер телімін алу кезегі 115334 адамды құрайды. Олардың көбі Көкшетау қаласы мен Целиноград, Аршалы, Шортанды, Бурабай аудандарында тіркелген. Кейбіреулер тұрғын үй салуға берілген жер телімін коммерциялық мақсатқа пайдаланады. Соңғы жылдары Қазақстанның өзге өңірлерінде тұратын тұлғалардың Астана іргесінен және өңіріміздің курортты аудандарынан жер телімдерін беру жөнінде өтініш жазуы жиілеген.
Республика бойынша бірыңғай ақпараттық жүйенің жоқтығы әлгі өтініш берушінің бірнеше елді мекендерде кезекте тұруына жол ашуда. Мәселен, Көкшетау қалалық жер қатынастары бөлімінің жер телімін алу кезегінде Ақтау, Алматы, Астана, Қарағанды қалаларының, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Зеренді, Сандықтау, Бурабай, Еңбекшілдер және өзге де аудандардың тұрғындары тұр.
Департамент басшысы Берген Беспалинов өз сөзінде бір жер телімін екі тұлғаға беру, мемлекет меншігіндегі жер телімін жалға беру, жер телімін мақсатсыз пайдалану тәрізді өзге де заң бұзушылықтар жөнінде айтып, нақты мысалдар келтірді.  Отырыс барысында Көкшетау қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Мырзахметовтің мемлекеттік қызмет көрсету және облыс орталығында жекеменшік тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін беру мәселесіндегі Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуы жөніндегі есебі тыңдалды. Оның айтуынша, комиссияның шешімімен 2004-2005 жылдары арнайы кезекте тұрған тұлғаларға 184 жер телімі берілген. Бүгінгі таңда Көкшетау қаласы бойынша жекеменшік тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін беру кезегіне 13 167 адам тіркелген. Жыл басынан бері жер қатынастары саласындағы өкілетті орган 2585 мемлекеттік
қызмет көрсеткен.
Көкшетау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Илуа Әбеновтің айтуынша, жекеменшік тұрғын үй құрылысы үшін Станционный кенті мен Сарыарқа шағын ауданында үш мыңнан астам жер телімі дайындалыпты. Әзірше бұл жерлерге инженерлік-коммуникация жүйесі тартылмаған. Кезекте тұрғандар үшін Краснояр селосы мен Нұрлыкөш шағын ауданынан жер телімін бөлу мәселесі қаралуда. Мәжілісті қорытындылаған комиссияның өңірлік кураторы Әлібек Баймағамбетов Көкшетау қаласында жекеменшік тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін беру барысындағы өзекті мәселелер шешусіз қалмауы керектігін баса айтты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар