«Астанателеком» ӨТД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ-нің ұйымдастыруымен Көкшетауда алғаш рет өткен мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесіне қатысты.
Акция барысында «Астанателеком» ӨТД мамандары барлық қызығушылық танытқандарға қажетті мемлекеттік қызметтер жайлы әдістемелік көмек берумен ғана шектелмей, компанияның қызметтері туралы да айтып берді.
Астаналық дирекцияның қызметкерлері жаңа тарифтік жоспарлар, бұлтты бейнебақылау қызметі, сондай-ақ, іске қосылған telecom.kz мобильді қосымшасы туралы толығырақ баяндады. Бұл қосымша компания қызметтеріне қолжетімділікті жеңілдетуге арналған. Осылайша абонент жеке кабинетке қатынау рұқсатын алып, техникалық мүмкіндіктердің бар-жоғын тексере алады, қосымша сервистарге өтінім беріп, ағымдағы теңгерімін көруіне болады. Біздің әріптестеріміз сол жерде келушілерге қосымшаны жүктеп алуға көмектесіп, оны пайдаланудың негізгі дағдыларын үйретті. Азаматтардың айтуынша, енді өтінім беру, байланыс қызметтеріне ақы төлеу әлдеқайда оңай болмақшы.
Telecom.kz порталында, байланысу орталығының 160 нөмірі арқылы сервис желі пункттерінде,
8 (7172) 253-353 (Астана қаласы), 8 (7162) 401-414 (Көкшетау қаласы) нөмірлері бойынша белсенді сату орталығында қызметтерге қосылудың бес тәсілі бар, сондай-ақ, +77081856001 нөмірі бойынша WhatsApp messenger арқылы да қосылуға болады.
«Астанателеком» ӨТД.