Жанкүйерлерін жабырқатты

Өткен сенбі күні облыс әкімі Мəлік Мырзалин Көкшетау қаласында жергілікті «Оқжетпес» жəне павлодарлық «Ертіс» командаларының ойынын тамашалады.

Футболдан Қазақстан чемпионатының 32-ші туры шеңберінде өткен кездесудегі маңызды жеңіс қос команда үшін де ауадай қажет болатын. Жеңілістен көз ашпай турнир кестесінің соңында тұрған «Оқжетпес» үшін премьер-лигадан шығып қалмау болса, «Ертіс» үшін Еуро лига жолдамасына қол жеткізу. Сол себепті де, ойын тартысты өтті.
Кездесудің алғашқы минутынан шабуылға шыққан қонақтардың Көкшетауға тек жеңіс үшін келгені сезіліп-ақ тұрды. Ойын басталғанына небəрі 5 минут өткенде «Ертіс» ойыншысы Родриго алаң иелерінің қақпасына алғашқы голды салып, қонақтарды алға шығарды. Осыдан кейін қонақтар
шабуылын одан сайын үдете түсті. Артынша, осындай шабуылдан туындаған ұтымды сəттердің бірінде Бугаевтың пасынан кейін Фофанның шірене тепкен добын қақпаға дарып бара жатқан жерінен «Оқжетпес» қақпашысы Голубничий алаң сыртына шығарып үлгерді. Дегенмен, бұрыштан тебілген допты қақпа алдындағы қарбалас сəтте Стаменкович ұтымды пайдаланып, есепті қонақтардың пайдасына еселей түсті. Осыдан кейін алаң иелері намысты қолдан бермеуге тырысып бақты. Козлов, Бөлешов «Ертіс» қақпасына бірінен соң бірі соққы жасады. Бірақ, қонақтардың қақпашысы Калмыков орнынан табыла білді. 27-ші минутта осындай шабуылдардың бірінде қонақтардың қорғаушылары кейін қайтарған допты «Оқжетпес» шабуылшысы Досмағамбетовтың алыстан теуіп, қақпа торында тулатты.
Кездесудің екінші кезеңі де алма-кезек шабуылмен өтті. Бірақ, таблодағы есеп көрсеткіші өзгеріссіз қалды. Осылайша көңілдері жабырқаған жергілікті жанкүйерлердің тілімен айтқанда өз алаңында 1:2 есебімен жеңіліс тапқан оқжетпестіктер «келер жылы бірінші лигада өнер көрсетуге берілетін жолдаманы» жеңіп алды. Ал, азуын айға білеген «Ертіс» турнир кестесінде көш бастап тұрған командалармен өзара Еуро лигасы жолдамасы үшін таласатын болады.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар