Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Интернет – бүгініміз, ертеңіміз! - АРҚА АЖАРЫ

Интернет – бүгініміз, ертеңіміз!

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында Үкіметке «Цифрлы Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын. Қазір бұл бағдарлама толық әзір және төрт бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Осы бағыттар аясында «Астанателеком» дирекциясы өз алдына негізгі міндеттерді белгілеп, өңірлерді Интернетпен қамтамасыз ету орайында тиісті жұмыстарды атқаруда.

Елбасы өзінің Жолдауында «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индус-триялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты» деп, нақтылы бағыт-бағдар берген еді. Осы орайда, Үкімет әзірлеген «Цифрлы Қазақстан – 2020» бағдарламасы негізгі төрт бағытты айқындап берді. Бірінші бағыт бойынша ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру көзделген.
Қазіргі уақытта Ақмола облысында облыс орталығы, шағын қалалар мен аудан орталықтарының барлығы және 499 елді мекен жоғары жылдамдықтағы Интернетке қол жеткізіп отыр. Қалалық және ауылдық жерлердегі телекоммуникация желілері 100 пайыз сандық және осы заманғы құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. «Астанателеком» өңіраралық телекоммуникация дирекциясының бас директоры
Эрнест Еспенбетовтың мәлім-деуінше, бағдарламаның бірінші бағытына орай, кең жолақты интернетке мультисервистік қолжетімділікті дамыту бойынша облыста GPON – ғаламторға жоғары жылдамдықпен қосылудың технологиясы енгізілуде. GPON – мегажылдамдық (1Гбит/с) арқылы сапалы әрі сенімді байланыста көпжолақты және көпсалалы жолға мүмкіндік жасайтын ғаламторға қол жеткізетін арнайы технология. Ғаламторға шығудың прогрессивті және болашағы зор бұл технология ақпарат алмасудың жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді.
Ол қазіргі заманғы талаптарға сай болып қана қоймай, болашақта байланыс технологияларының дамуын қамтамасыз етуге де әлеуеті жетеді. Бұл технология бойынша бір ғана кабель арқылы телефон, теледидар және Интернеттің өзге де қызметтері ұсынылады. Осы GPON арнайы технологиясын кеңінен дамытып, еліміз оған толығымен қосылса, өркениетті тұтынушылардың аймағына айналатынымыз сөзсіз.
–2010 жылы астаналық дирекция Степногорск және Көкшетау қалаларында мұндай желілерді салудың құрылысын бастап та кеткен еді. Қазіргі уақытта алғашқы қалада 792 пәтерге оптикалық желілер тартылса, кейінгісінде осы технология негізінде 864 пәтер Интернетке қол жеткізіп отыр. Астанаға жақын орналасқан елді мекендер арасында Целиноград ауданының Ақмол ауылында алғашқы талшықты-оптикалық байланыс желілері 2012 жылы пайда болып, 962 пәтерге оптикалық желі тартылды. 2010-2016 жылдар аралығында GPON технология-сын дамытудың арқасында талшықты-оптикалық желілерге Көкшетауда 40464, Щучинскіде 6206, Степногорскіде 12578 пәтер қосылды. Ал, 2016 жылы Целиноград ауданының Қараөткел ауылына 288 үй қосылатын оптикалық желі орнатылды, – дейді жоғарыда аталған телекоммуникация дирекциясының бас директоры.
Бүгінгі күні «Ақмола облысының кең жолақты желіге қолжетімділігін дамыту» жобасы шеңберінде Степногорск қаласында құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жылдың соңына дейін байланыстың оптикалық желілерімен 18 үйді қамту, сол арқылы 1391 пәтерді Интернетке қосу жоспарланған.
–Келесі жылы облыста кең жолақты интернет желілерін дамыту үшін 2800 абонентті қосу жоспарлануда. Облыс орталығындағы жекеменшік секторларда 863 абонент және жаңадан салынып жатқан
аудандарда 593 абонент қосылуға мүмкіндік алатын порт құрылыстары жүргізіледі. Сонымен бірге, Атбасар қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінде GPON желісінің 386 пәтерге арналған порт құрылысы қолға алынбақшы. Астанаға жақын орналасқан Целиноград ауданының Қосшы ауылында да 958 абонент қосылуға мүмкін болатын порт құрылады. Сондай-ақ, алдағы жылдары ұзындығы 12 шақырымды құрайтын талшықты-оптикалық байланыс желісі Отрадный селосында орнатылады, – деді Эрнест Еспенбетов.
Көкшетау, Степногорск, Щучинск қалалары мен Ақмол ауылында кең жолақты интернет ADSL, FTTH технологиялары ассиметриялық цифрлық абоненттік желілер арқылы қосылған. Жалпы, аудан орталықтары мен ауылдардағы байланыс негізінен, абоненттік желілер және қашықтықтан байланысу – ADSL, EVDO технологиялары арқылы таратылып отыр. 606 елді мекенде кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету транспорттық тораптар арқылы ұйымдастырылған. Үстіміздегі жылдың аяғына дейін Есіл ауданындағы Юбилейный ауылын талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосу жоспарға алыныпты.
Сондай-ақ, дирекция мәліметтеріне сүйенетін болсақ, жылдамдықтары 10 GE-ге дейін жететін 10 аудан орталығының телекоммуникациялық ішкі желілерін кеңейту мен жаңарту жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады екен. Қазіргі уақытта АТС бекеттері бар 166 елді мекен талшықты-оптикалық желіге толықтай қосылған. 2016-2017 жылдар аралығында «Астанателеком» өңірлік телекоммуникация дирекциясының қызметкерлері ауылдық жерлерге арналған 13 жобаны жүзеге асырып, 34 шақырымды құрайтын магистральді оптикалық кабель орнатты. Бұл ауылдық жерлердегі 1280 абонентке телекоммуникация қызметінің сапасын арттыра түсуге мүмкіндік беріп отыр.
Бағдарламаның екінші бағыты – креативті қоғамды дамыту. Бұл тұрғыда цифрлық экономика үшін құзыреттілік пен біліктілікті дамыту, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселесі ескерілген. Үшінші бағыт – экономика саласын цифрландыруға бағытталған. Яғни, мұнда құқық қорғау органдарынан бастап, экономикаға дейін ескерілген. Ал, төртінші бағыт бойынша электрондық және мобильдік үкімет жүйесін жетілдіруге, мемлекеттік қызмет көрсетулерді оңтайландыруға арналған қадамдар жүзеге асырылады. Алғашқы бағыт бойынша барлық өңірлерде жұмыс белсенді жүргізіле бастады. Төртінші бағыт бойынша да атқарылып жатқан жұмыстар нәтижелі, тек жақсы жағынан жалғассын деген тілегіміз бар.
Сонымен бірге, бірінші бағытты жүзеге асыру барысында ауылдарда мектептерді Интернетпен қамтудың мәселесі толық шешіледі. Ауылдарға Интернет желілерін тартудың нәтижесінде білім саласына енгізіліп жатқан жаңашылдықтардан мектептердегі ұстаздар мен оқушылар хабардар болып отырады. Интернет байланысы әсіресе, шағын мектептерге аса қажет екендігін Білім және ғылым министрі өзінің сұхбаттарында, бұқаралық ақпарат құралдарына берген мақалаларында жиі айтып келеді. Жалпы, облыста 572 мектеп бар болса, оның 327-і 4Мегабит/секунд және одан жоғары жылдамдықтағы Интернетпен қамтылса, 177 білім ордасы 512 К.бит/секундтан 4Мегабит/секундқа дейінгі жылдамдықтағы желіге қосылған. Әр мектепті жылдамдығы жоғары Интернет желілеріне алдағы уақытта толығымен қосып беру телекоммуникациялық компаниялардың міндеті. Осы іске «Цифрлы Қазақстан – 2020» бағдарламасының қосатын үлесі мол.

Жалпы, мұның бәрі халықтың жан-жақты өмір сүруі үшін жасалып жатқан шаралар екенін түсінуіміз қажет. Тұрғындардың әл-ауқаты артып, өркениетке жеткізгенде ғана Қазақстан алдыңғы озық отыз елдің қатарына қосыла алады. Ал, бұл мақсатқа жету үшін еліміз Үшінші жаңғыруды еңсеруі тиіс. Алдағы кезде замана көшінен қалғысы келмеген әрбір азамат, маман, ғалым мен студенттер ұялы байланыс, телекоммуникация, сандық ТВ, кең жолақты интернет, ақпараттық технологиялар, Е-үкімет, Е-сауда, интерактивті жарнама және әлеуметтік медиа саласындағы игі жаңалықтардан тыс қалуына болмайды.

Ырысалды Шамшиева.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар