Сенбіліктер – қала мен ауыл тазалығының кепілі

Көктем туғалы Көкшетау қаласы бойынша өткізіліп жатқан сенбіліктерден №19 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы да сырт қалмауда. Мұнда осы маңызды іске оқу ісінің меңгерушісі Нәбира Қасенқызы Смағұлова жауапты болып тағайындалған. Оның жіті ұйымдастыруымен мектеп бойынша өткен игі шарада білім ордасының ауласы және оған жақын аумақ тиісті тазалыққа келтіріліп, айнала ерекше көз тартып қалды.

Сенбілік – тазалық кепілі екенін түсінген ұстаздар қауымы осы жолы қыстан қалған 86 қап қоқысты жинап, бір кісідей жұмыла еңбек етті.  Соның нәтижесінде мектеп айналасы айнадай жарқырап, жинақылығымен ерекшеленіп тұр десе болады.

Суретте: білім ордасындағы сенбіліктен көрініс.

Суретті түсірген Нұрболат БЕКТҰРҒАНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар