Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек қауіпсіз болуы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек қауіпсіз болуы тиіс

Облыстық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп, депутаттық этика, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысында облыстағы кәсіпорындар мен мекемелердегі еңбек қауіпсіздігі жөніндегі мәселелер күн тәртібінде талқыланды.

Комиссия отырысында алдымен облыстық мәслихаттың депутаты Ирина Жукова баяндама жасап, өңіріміздегі бірқатар кәсіпорындар мен мекемелердегі еңбек қауіпсіздігінің сақталмайтындығы жөнінде нақты деректер келтіріп өтті. Еңбек шартына қатысты мұндай құқық бұзушылықтар әсіресе, Көкшетау, Степногорск қалалары мен Атбасар, Бурабай аудандарында көп орын алып отыр. Жалпы, облыс бойынша өндірісте 34 оқыс оқиға орын алып, соның салдарынан 40 адам зардап шеккен, 6 адам мерт болғаны туралы баяндамада айтылды.
Оқыс оқиғалар көп тіркелетін салалардың қатарында тау-кен өндірісі саласы тұрса, бюджеттік мекемелерде де қызмет барысында орын алатын оқыс оқиғалар жиілеп кеткен. Өкінішке орай, бұған еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы, кәсіпорын, мекеме басшыларының жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмауы себеп болып отыр.
Осы мәселелер облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Берік Мұстафиннің, облыстық кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ләззат Есжанованың баяндамаларында да атап көрсетілді. Комиссия отырысының соңында депутаттар облыстық еңбек инспекциясы басқармасына мекемелерде еңбек қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру шараларын әрі қарай жалғастыру, жұмысшыларды оқыту жөнінде жос-
пар құру, өндірісте бақылауды күшейту туралы ұсыныстарын айтты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар