Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз ертең жоқ - АРҚА АЖАРЫ

Өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз ертең жоқ

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың қатысуымен Ақкөл ауданында көшпелі семинар-кеңес болып өтті. Тарихи және мәдени құндылықтарды көздің қарашығындай сақтаудағы мұрағат құжаттарының қаншалықты маңызды екендігі атап көрсетілді. Бұл өте маңызды әрі қажетті мәселе. Сондықтан да, мұрағат қызметі саласының кәсіби қызметкерлері есте жоқ ескі заманның аса маңызды құжаттарын мұқият сақтап, келер ұрпақтың рухани игілігіне айналдыру үшін еңбек етеді.

Осы бір ой түйіні қарашаның 23-і күні Ақкөл ауданында көшпелі семинар-кеңес ұйымдастырған кезде жадымызға оралып еді. Семинар-кеңес «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстағы мұрағат мекемелерінің үстіміздегі жылдың тоғыз айындағы жұмысын қорытындылауға арналған болатын. Аталмыш шара облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың басшылығымен өтті. Мазмұны мәнді шараға Ақкөл, Бурабай, Бұланды, Шортанды аудандарының және Степногорск қаласының мұрағат қызметтерінің басшылары, «Рухани жаңғыру» аймақтық-жобалық кеңсесінің қызметкерлері қатысты. Тәжірибелері өзге әріптестеріне өнеге.
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорына негізгі, аса мәнді құжаттарды топтас-
тырып тапсырудың маңызы өте зор. Осы бағытта есепті кезең ішінде Азат және Новорыбинск селолық округтерінің әкімдері Самат Ыдырысов пен Арман Оразовтар жемісті жұмыс істеген.
Жыл ішінде көне тарихтың қойнауынан шымшымдап сыр ақтаратын мұрағат құжаттарын тырнақтап жинаған бірқатар қызметкерлерді облыс әкімінің орынбасары Алғыс хаттармен марапаттады. Олардын қатарында облыстық мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының бас маманы Дина Бердалина, Жарқайың аудандық мемлекеттік мұрағатының директоры Ольга Кошкина, Степногорск қалалық мемлекеттік мұрағатының қызметкері Марал Нұржанова, Ақкөл аудандық мемлекеттік мұрағатының қойма меңгерушісі Дина Рогова, Бурабай аудандық мемлекеттік мұрағатының бухгалтері Лариса Анохина бар. Өз қызмет салалары бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген Ақмола облыстық мемлекеттік мұрағатының ұжымы «Ақмола облысындағы үздік мұрағат» атанып, арнайы дипломмен және кубокпен марапатталды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай ауқымды жұмыс атқарылды. Ол жөнінде аймақтық жобалау кеңсесінің жетекшісі Еркін Исімбаев, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының менеджерлері Марина Ли мен Болат Ахметовтар тарқатып айтып берді. Бас маман Дулат Ахметовтың ақпаратына қарағанда, облыстағы селолық кітапханаларды дамытуға жіті көңіл аударылуда. Бұл мәселе біртіндеп, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Селолық кітапханалар мәдениет пен халыққа қызмет көрсетудегі білім мен ағарту саласының ошағы болып саналады. 2020 жылға дейін модельдік кітапханалардың санын елуге жеткізу жоспарланып отыр. «Тәрбие мен білім» бағдарламасын жүзеге асыру саласында кешенді міндеттер шешімін табуға тиісті. Күні бүгінге дейін жоспарланған 76 шараның 28-і жүзеге асырылды. Мысал үшін айта кететін болсақ, облыста жалпы білім беретін білім ошақтарындағы 5-7 сынып оқушыларына арналған өлкетанудың аймақтық оқулығы әзірленген. Жүзеге асырылған шаралардың мәні жайында Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Гүлнәр Әбілқайырова мен облыстық мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының басшысы Мәрзият Тохаева айтып берді. Ақкөл ауданында бұл бағытта бірқатар жұмыс жүргізілуде. Мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық қабілетін арттыру, өмірге деген сүйіспеншілігін күшейтіп, өздеріне деген сенімін нығайту бағытында қыруар жұмыс жүргізілген. Ол үшін мүгедек балаларға арналған жылжымалы «Журавлик» оқырмандар залы жұмыс істейді.
Көшпелі семинардың жұмысын қорытындылай келе, облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова Ақмола өңірі таланттарға бай, дарындары мол өлке екендігін айтып өтті. Біздің өлкенің ғажайып табиғаты ғана емес, тәлімді тарихы да келер ұрпақтың несібесі үшін қызмет етеді.

Әсем ӘЗІРБАЕВА,
облыстық ішкі саясат басқармасының қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар