Пекиндегі іскерлік кездесулер

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин 2017 жылдың 26 қарашасында Пекинде инвестициялық, сондай-ақ, өнеркәсіптік құрылымдардың өкілдерімен бірқатар іскерлік кездесулер өткізді.

Ақмола облысының әкімі Қытай Халық Республикасының «CITIC» Wang Jiong ең ірі мемлекеттік инвестициялық корпорациясының (нарықтық капитализациясы – 50 миллиард доллардан астам) президентімен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша туризм, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үй инфрақұрылымы, автомобиль жасау және астықты терең өңдеу салаларындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде келісімге қол жеткізілді.
Ақмола облысының делегациясы жоғары технологияны пайдалану және электр қуатын қалдықсыз өндіру саласында әлемдік көшбасшы болып табылатын «Shenwu» компаниясының басшылығымен жылумен жабдықтауды инновациялау мәселелерін талқылады. Компания таза энергетика саласындағы жетістіктері үшін көптеген марапаттармен атап өтілген.
Қазақстанның барлық астығының 25 пайызын өндіретін Ақмола облысы ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін жетекші қытайлық компаниялар тарапынан қызығушылық тудыруда. Бұл орайда, екі жақ бірлескен өндіріс құруға мүдделі. Сондықтан, облыс әкімінің «Longyuan Shiying Machinery Production Co. Ltd», «YTO Group», «Huanghai Jinma Tractor», «Longtai Shandong» компанияларымен жұмыс кездесулері болып өтті. Сондай-ақ, Мәлік Мырзалин шетелдегі экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қытай ұлттық корпорациясының басшылығымен кездесті. Fortune 500-ге кіретін компания өзіне облыс орталығы Көкшетауда су тазалайтын қондырғыларды қайта жаңартуды және қолжетімді тұрғын үйлер құрылысын жүргізуді біріктіретін азаматтық құрылыс жобаларына қызығушылық танытты.
Облыс әкімі атап өткеніндей, «Туризм,
машина жасау, энергетика, ауыл шаруашылығы, құрылыс және аймақ экономикасының басқа салаларында бірлескен кәсіпорындар құру туралы мәселелерді нақты тиянақтау үшін Ақмола облысына Қытай компанияларының жұмыс топтарының келуі осы ынтымақтастықтағы келесі қадам болып табылады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар