Іскерлік пен сапа жүлдесі

Кеше Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» конкурсының және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесінің, сондай-ақ, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі республикалық «Парыз-2017» конкурсының лауреаттарын марапаттау болып өтті.

Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы ұйымдастырған арнайы «Іскер» сыйлығын біздің Ақмола облысындағы «Щучинск қазандық-механикалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ие болды.
«Енки» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Қазақстанның үздік тауары» конкурс-көрмесінің үшінші дәрежелі
дипломанты атанды.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы биылғы жылы ұйымдастырған «Кемел-Іскерлік» халықаралық сыйлығын «Агрофирма ТNK» серіктестігі иеленді. Бұл аталымға Түркияның «ТИКА» атты халықаралық ынтымақтастық және даму агенттігі серіктес болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының байқауына биыл 101 кәсіпорын қатысты. Бұл сыйлық соңғы 12 жыл бойы өнім мен қызмет көрсетудің жоғары сапасына қол жеткізіп келе жатқан еңбек ұжымдарына беріліп келеді.
Қазақстан Президентінің «Алтын сапа» және 2015 жылдан бергі «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурсы көрмесінің ұйымдастырушысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылады.
Әсел Мұхамед-Амин.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар