Сабақтың санаға сіңірері мол болды

№35 «Болашақ» балабақшасының «Күншуақ» логопедтік тобында Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақтың өтуіне себепкер болған аталмыш топтың тәрбиешісі Сәндігүл Кенжебаева. Тақырыбынан бастап, тұтастай алғанда қонақ болып келген ата-аналар қауымының көңілінен шықты. Біздің балаларымыздың былдырлаған тәтті тілімен айтылған әрбір тақпақ-өлеңдері, өз елін сүюге деген ынтасын оятқанына күмәніміз жоқ. Отанның не екенін енді ұғынып келе жатқан ботақандар үшін, мұндай тәрбиелік әрі танымдық сабақтардың берері мол. Сол үшін біз, ата-аналар қауымы топ тәрбиешілері мен балабақшаның директоры Ақлима Негметоваға үлкен алғысымызды айтамыз. Еңбектері жемісті, жылдары жеңісті болсын деген ізгі тілегіміз тағы бар.

Гүлжан МҰХАМБЕТАЛЛИНА,
«Күншуақ» тобының ата-аналары атынан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар