Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы

Осындай ұранмен Зеренді ауданында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған жастардың VI форумы өтті, – деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жыл сайын өткізілетін бұл форумның мақсаты патриотизм мен төзімділікке тәрбиелеу, сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында қол жеткізген жетістіктерді насихаттау болып табылды.
Аудан әкімі Асқар Мұратұлы өзінің құттықтау сөзінде:
– Мемлекет басшысының қазіргі заманғы өзекті мәселелер бойынша бастамалары мен ұсыныстары көптеген елдердің пікірлері мен мойындауларына ие болды. Бұл ең алдымен, бүкіл әлем үшін маңызды қадам – ядролық қарудан бас тарту, оған бірнеше рет төрағалық ету және Қазақстанның түрлі халықаралық ұйымдарға белсенді қатысуы. Биылғы жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиада, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған
көрмесі Ұлт Көшбасшысының әлемдік деңгейдегі беделді саясаткер және дәйекті жаңғыртудың жақтаушысы екенін тағы да дәлелдеді, – деді.
Мерекелік шара барысында аудан әкімі Садовое кентінің тұрғыны, күрестен әлем чемпионы Мұратхан Берікбол, аудандық әкім аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Хайдар Арман, Куйбышев орман шаруашылығының инженері Ұлжан Сүлейменовтерді марапаттады. Ал,
«ЭКСПО-2017» көрмесінің еріктісі
Кристина Скоморокская, әнші, айтыс-
кер ақын Екпін Сәбетхан, Агробизнес колледжінің оқытушысы Азамат Жаңабаев Алғыс хаттарға ие болды. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының қатарына жаңадан қосылған зеренділіктерге мүшелік партия билеттері табыс етілді.
Форумның екінші бөлімінде жетістікке жеткен жастармен қызықты әңгіме өткізілді. Олардың қатарында Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Тимур Ысқақов, Зеренді аудандық мәслихатының депутаты Вячеслав Перешивкин, №1 мектептің тарих пәні мұғалімі, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының қатысушысы Дархан Қасымовтар болды.
Форумның соңы мазмұнды концерттік бағдарламаға ұласты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар