Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин Степногорск қаласында Бөгенбай батыр атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатында болып, тәрбиеленушілердің жаттығуларының барысымен және қол жеткен жетістіктерімен танысты.
Бүгінгі таңда мұнда Ақмола облысының 200-ден астам жас спортшылары білім алуда. Спорт мектебі өз орталарынан шыққан ауыр атлетшілер, Олимпиада ойындарының жүлдегері Ирина Некрасованы және осы ойындарға қатысқан Анна Нұрмұхамбетованы, еркін күрестен кадеттер арасында әлем чемпиондары атанған Владимир Кудрин мен Дархан Қалкеновты, әйелдер күресінен Азия чемпионы Айна Теміртасованы орынды мақтан тұтады.
Сол күні облыс әкімі жазда орман саябағы аймағында жергілікті атқарушы биліктің және бизнес өкілдерінің күшімен ашылған көп бағдарлы жаңа спорт алаңында болды. Мұнда халықтың барлық топтарының қысы-жазы дене тәрбиесі және спортпен айналысуына барлық жағдай жасалған.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.