Кітапханадағы тағылымды кеш

Тұңғыш Президент күніне орай, қалалық кітапхана жанынан құрылған Назарбаевтану дәрісханасында «Тарих және жетістік» атты ашық алаң ұйымдастырылды.

Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерін насихаттау болып табылады. Ашық алаңға университет ғалымдары, колледж және орта білім беретін мектептердің мұғалімдері мен кітапхана оқырмандары және қала жастары қатысты. Жиынды Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жалпы тарих және философия кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері Талапкер Уәлиев жүргізіп отырды. Қазақ кітапханасы жанынан құрылған «Әдеби Көкше әлемі» клубының мүшесі, жас ақын Күләш Нысанбек «Тәуелсіздік толғауы» атты өлеңін оқып, жиналғандарды бір серпілтіп тастады.
Елбасының еңбек жолы, қызмет хроникасы, ғылыми еңбектері, мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар тағы басқа құнды құжаттар қойылған «Мәңгілік ел» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Шарада сан ғасырлық тарих толқынында талай қиын қыстау, тар жол тайғақ кешулерден өткен қазақ халқын нұрлы болашаққа жетелеп, тәуелсіздік туын желбіретіп, төрткүл дүниеге Қазақ елін мойындатқан Елбасымыздың өмір жолы, ерен еңбегі бүгінгі жас ұрпаққа ұлағатты өнеге екендігі, тәуелсіз қазақ елінің егемендік алғаннан бері жеткен еңселі жетістіктері, тарихы терең де шежірелі елдің бүгінгі таңдағы игі істері жайлы кеңінен айтылды.
Жанар АЙТҚОЖИНА,
Көкшетау қалалық қазақ кітапханасының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар