Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Нарықта орнын таба білген кәсіпорын - АРҚА АЖАРЫ

Нарықта орнын таба білген кәсіпорын

Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында елімізде қолға алынып жатқан бірқатар стратегиялық бағыттарға тоқталған еді. Онда еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жаңғырту көздері мен нақты тетіктері қарастырылған. Бұл орайда, ел экономикасының дамуына өзіндік үлесін қосып, бюджетке қомақты қаржы салатын кәсіпорындардың жұмыстарын одан әрі жетілдіруге де көп көңіл бөлініп отыр.

«Қазақстанда жасалған» әрбір бұйымда төрт қасиет – сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек» деп атап көрсеткен еді Елбасы халыққа арнаған Жолдауында.
Сондықтан, қазіргі кезде нарықта қазақстандық үлесті көбейту жолында жер-жерде жүйелі жұмыс жүргізілуде. Расында отандық өнімнің көбеюінен ұтарымыз көп. Біріншіден тауар өзімізде жасалған соң, арзанға түседі. Екіншіден, жергілікті тұрғындар үшін арнайы жұмыс орындары ашылады. Үшіншіден, Қазақстанда жасалған тауарға шетелдің сұранысы мен қызығушылығы оянады. Сөйтіп, отандық өнімнің экспорты артады. Қазіргі кезеңде Елбасы тапсырмасына орай отандық өнімді дамыту үшін мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істеп жатыр. Қазақстандық брендті қолдау арқылы еліміз әлемге танылады. Елбасы осы бағытта индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына басымдық беріп отыр.
Осы орайда, отандық өндіріс дегенде еліміздегі машина жасау өнеркәсібі саласында өзінің лайықты орнын алып үлгерген Көкшетау қаласындағы «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы бірден ауызға оралады. Аз уақыттың ішінде зауыт отандық машина жасау саласын дамытуға лайықты үлесін қосып келе жатқан кәсіпорындардың біріне айналды. «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы Қазақстан мен Ресейдің автокөлік техникасын өндіру саласындағы ең алғашқы және сәтті жүзеге асқан біріккен жобасы болып табылады. Кәсіпорын 2005 жылдың 2 маусымында құрылып, алғашқы жүк көлігі мен автобусы 19 тамызда конвейерден шыққан болатын. Сол кезде зауыттың ашылуы-
на Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысып, тұсауын кескен еді. Осы қуанышты оқиға көкшетаулық машина құрастырушылардың жадында әлі күнге дейін сақталған. Оны сол кезде берілген қазіргі заманғы технологиялық өндіріс маркасының осы уақытқа дейін сақталуынан байқауға болады.
Зауыттың бас директоры Сергей Кистиннің айтуынша, іргелі кәсіпорын құрылған алғашқы жылдары жүк көлігінің үш түрін шығарудың өзінде біраз қиындықтар болған еді. Кейін бұл қиындықтар артта қалды. Қазіргі кезде зауыттан осы заманға сай «КамАЗ» жүк көліктері мен арнайы техниканың 40-тан астам түрі шығарылады. Зауыт құрылғаннан бері барлығы 11 мыңнан астам көлік конвейерден шықты. Бұл көліктер бүгінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Төтенше жағдайлар комитеті, жол құрылысы денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы саласында ойдағыдай қолданылуда. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 2 мыңға жуық автокөлік шығаруға мүмкіндік береді. Соңғы кезде кәсіпорын басшылығы өнімде отандық үлестің мол болуына ерекше назар аударып келеді. Оны «Қазақстанда жасалған» деген эксклюзивті арнайы техникалардан байқауға болады. Сонымен бірге, еліміздің әр өңірінде сервистік қызмет көрсету орындары жұмыс істеуде. Оған қоса, кәсіпорын осы күні еліміздегі үнемшілдік өндіріс жүйесін қолданып отырған санаулы зауыттардың қатарында. Биыл өндіріс ошағының құрылғанына 12 жыл толып отыр.
Зауыт басшысының «Осыдан 6-7 жыл бұрын болған алдыңғы жылдардағы дағдарыс әлем экономикасына айтулы әсерін тигізгені белгілі. Ол дағдарыстың толқыны бізді де шарпыды. Дегенмен, Үкіметтің дер кезінде қабылданған дағдарысқа қарсы шараларының арқасында өндіріс көлемі қатты құлдырай қойған жоқ», – деуінің өзі кәсіпорын жұмысының мемлекеттік бағдарламалардың арқасында қиындықтарды еңсеріп, дұрыс жолға түскендігін байқатады.
Бұл дағдарыс зауыттың тарихында болған үлкен қиындықтардың бірі еді. «КамАЗ-Инжиниринг» кәсіпорнының басшылығы бұл дағдарыстан да тез шығып, өндірісті жолға қоя білді. Нәтижесінде дағдарысқа қарамастан жоспарды асыра орындап, өндірілген автокөлік санын осы күні 11 мың данаға жеткізіп отыр. Бұған әрине, мемлекеттің қолдауымен бірге кәсіпорын басшылығының жүргізіп отырған ішкі саясаты арқау болды десек ақиқатына дөп түскендейміз. Сол кезде кәсіпорынның одан әрі дамуының маңыздылығын түсінген зауыт басшылығы мен инвесторлар тарапынан құрастырылған автокөлікте қазақстандық бөлшектер үлесін ұлғайту мақсатында бірқатар тың жобалар қарастырылды. Оның ішінде 2015 жылға дейінгі оқшаулау бағдарламасы қолға алынғанын айта кеткен жөн. Бұл құжат негізгі үш бағыттан тұрды. Алғашқы екеуі ішкі қаражатты үнемдеу және автокөлікті құрастырудың көлемін арттырып, құрастыру мен қосалқы бөлшектерін жасауды тереңірек игеру болса, үшінші бағыт бойынша әртүрлі нұсқадағы жүк көтергіш платформаларын толығымен шығару көзделді. Мұнымен қатар, дайындау цехы іске қосылған кезде бірқатар күрделі қосалқы бөлшектерді шығару жоспарланды.
Бұл жобалардың нәтижесін бүгіндері «Қазақстанда жасалған» деген эксклюзивті арнайы техникалардан байқауға болады. Сонымен қатар, еліміздің әр өңірінде сервистік қызмет көрсету орындары жұмыс істеуде. Оған қоса, кәсіпорын осы күні еліміздегі үнемшілдік өндіріс жүйесін қолданып отырған санаулы зауыттардың қатарында. Кәсіпорынның инженер-техник қызметкерлері мен жұмысшылары осы күні үнемшілдік өндіріс жүйесін қолданудың арқасында кәсіпорын жұмысы ширай түсуде. Бұл түп негізі жапондық саналатын əдіс өндірістік шығындарды азайтып, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған. Қазірдің өзінде зауытта бір жүк көлігін 55 минуттың ішінде жинауға мүмкіндік туып отыр.
Жалпы, «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы туралы көп айта беруге болады. Бұл кәсіпорын үшін он екі жыл аса көп мерзім емес. Дегенмен, осы аз уақыттың ішінде үлкен мықты ұжым құрып, қазіргі заманғы технологияны қолданудың арқасында кəсіпорынның нарықтағы бəсекелестігі арта түсуде. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғастырыла беретіндігі сөзсіз. Бұл нарық талабы.

Аслан Оспанов.

Көкшетау қаласы.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар