Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құқықтық қызмет жақсара түседі - АРҚА АЖАРЫ

Құқықтық қызмет жақсара түседі

Бұл орталықтың салтанатты тұсаукесерінің көк лентасын облыс әкімі Мәлік Мырзалин мен облыс прокуроры Тимур Тәшімбаев кесті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдауларында және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартып, халыққа тиімді әрі қолжетімді болуын үзбей айтып келеді. Бұл бағытта нақты міндеттер де белгіленді. Соның ішінде Ұлт жоспарының 100-ші қадамында Канададағы Сanada Service және Австралиядағы Centreiink үлгісі бойынша мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдеріне айналатын «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясын құруды, ол мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялау қажеттігін және Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік қызметтерді бір жерден алуы керектігін атап көрсеткен еді. Осы орайда, облыстық прокуратура халықтың құқық қорғау қызметтеріне қатысты мәселелерін бір мекемеден шықпай-ақ шешуі үшін арнайы орталық ашты. Бұдан кейін прокуратура қызметкері аймақ басшысы мен арнайы шақырылған қонақтарды орталықтың жұмысымен таныстырды.
Орталыққа кіре берісте рецепшн, қызмет түрі мен кезек санын анықтайтын арнайы терминал, күту залы, балалармен барған жағдайда олардың ересектерге кедергі келтірмеулері үшін ойнауға арналған бұрыш та қарастырылған. Күту залында арнайы экраннан кезек саны және қай терезеге бару қажеттігі көрсетіліп тұрады. Операциялық залда 8 терезе және мамандардың ақылдасу бөлмесі бар. Мұнда азаматтардың құқықтық мәселелері бойынша прокурорлар, адвокаттар, медиаторлар, пробация қызметі, әкімдіктің, ішкі істер департаментінің және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қабылдайды. «Орталықтың негізгі міндеті – шағымдарды жедел қарау, азаматтардың құқық қорғау және мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру, әкімшілік кедергілер мен бюрократияны жою» деді өз сөзінде облыс прокуроры.
Облыс әкімі Мәлік Мырзалин салтанатты жиында прокуратура қызметкерлерінің халық игілігі үшін жасап жатқан осындай маңызды жұмыстары үшін алғыс білдіріп, орталықтың ашылуымен құттықтады және әрі қарайғы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Орталықтың ашылуымен құттықтай келген бір топ азаматтардың ізгі тілектерінен кейін ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетінің Ақмола облысы бойынша басқарма басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Жанәділова Бірыңғай әкімшілік құқық бұзушылық реестрі жұмысының тұсаукесерін өткізді. Енді әкімшілік құқық бұзғандарды полиция қызметкерлері тоқтатқаннан кейін уақыт кетіріп хаттама толтырып жатпайды. Арнайы планшетке жүктелген бағдарламаға еніп, құқық бұзушының ЖСН кодын енгізсе, ол жа-
йында барлық мәліметтер толық шығады. Сондай-ақ, бағдарламаның арнайы бір бөлігіне жүргізушінің автокөлігінің нөмірі мен тіркелген аймағының нөмірін тергенде автокөлігіне қатысты барлық ақпарат шығады. Міне, бұл бағдарлама да құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп, азаматтардың уақытын үнемдеуі үшін жасалып отырған реформалардың бірі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар