Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлеуметтік желілерде жат ағымдарды насихаттауға жол берілмейді - АРҚА АЖАРЫ

Әлеуметтік желілерде жат ағымдарды насихаттауға жол берілмейді

«Дін және дәстүр: рухани құндылық және қазіргі заманның талабы» атты тақырыпта өткен ғылыми-практикалық конференцияда қазақстандық қоғамдағы хиджаб мәселесі, деструктивтік діни ағымдардың қоғамға тигізіп жатқан залалы кеңінен сөз болды.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Болат Қасенов ашып, жүргізіп отырған бұл конференцияға Астана қаласынан бірқатар ғалымдар, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстық дін істері басқармаларының өкілдері, имамдар, мемлекеттік қызметшілер қатысты. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне қарасты Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы Айдар Әбуов «Зайырлы қоғам және дәстүрлі құндылықтар – бір ұлттың қалыптасуының негізі» атты тақырыпта баяндама жасап, қазіргі таңда мектептерде «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні оқытылып жатқанын, бұл жастарымыздың зайырлы мемлекет болуымыздың түпкі мағынасын түсініп, жат ағымдардың жетегінде кетіп қалмауы үшін қажет екенін кеңінен түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, мемлекетіміз мектептерде хиджаб кимеуге, мемлекеттік және әскери қызметте жүргендерге діни сенімге қатысты шектеулерді тоқшылықтан қолданып отырған жоқ. Оның барлығы да экстремизм мен терроризм әрекеттері белең алып бара жатқан мына заманда сақтанудың бір амалы ретінде жасалып жатқанын астаналық мейман өз сөзінде айтып өтті. Бәз-біреулер асыл дініміздің атын жамылып, дүниені атыс-шабысқа айналдырмағанда, мұндай тыйымдардың бірі де болмас еді. Ертеңгі күнге сеніммен қарап, ұрпағымыз бейбітшілікте өмір сүрсін, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын десек, экстремизммен қоғам болып күресуіміз қажет.
–Біздің орталық БАҚ және интернет-контентке күнделікті мониторинг жасап отырады. Шетелден келген бүкіл әдебиет біздің сарапшылардың қолынан өтеді. Орталық бұл мәселелерді шешуге құзыретті органдардың тапсырмасымен діни сараптама жасайды. Таратуға болатын, болмайтындығы жөнінде шешім шығарамыз. Қазіргі таңда әлеуметтік желілердегі деструктивтік сипаттағы ақпараттарды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Айдар Әбуов.
Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында келтірілген мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда елімізде ресми тіркелген 18 конфессия бар. Олардың атынан 3658 діни бірлестік өкілдік етеді. Олардың ішінде саны жағынан ең көбі ханафи мазхабындағы ислам мен православиелік христан діні. Сондай-ақ, католиктер мен протестанттар конфессиялары, иудейлер, буддашылар және басқа да қауымдар бар. Еліміздің аумағында 3464 ғибадат үйі тіркелген, оның ішінде 2550 мешіт, 294 православие және 109 католик шіркеуі, 495 протестант храмы мен ғибадатханасы бар.
Аталған министрлікке қарасты ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызы конференцияда ислам діні қазаққа жат емес екенін, кеңестік дәуір дінсіз кезең болғанымен, имансыз кезең болмағанын тағы бір еске салды.
–Дін мешіттердің жұмысымен ғана шектелетін нәрсе емес. Мың жыл бұрын ислам діні халқымыздың бойына сіңген еді. Сол себепті, Ресей империясының құрсауында өткізген жетпіс жыл діни сенімімізге айтарлықтай әсер етті деп айта алмаймыз. Сол уақыттарда қазақ жерінде 68 мешіт қызмет етіп, мұсылман қауым өздерінің діни жоралғыларын орындап отырды. Мұнымен қоса, кеңестік дәуірде қазақ ақын-жазушыларының көптеген құнды туындылары дүниеге келді, – деді Айнұр Әбдірәсілқызы.
Одан кейін Дін істері комитетінің өкілі, саясаттану ғылымдарының кандидаты Бауыржан Шериязданов мемлекеттің дін саласындағы саясаты тұжырымдамасының конфессияаралық қатынастарды нығайтудағы мәні мен рөлі туралы баяндап, жастардың санасының қалыптасуына радикалдық ағымдардың кері әсері жайлы кеңінен сөз етті. Мына аумалы-төкпелі заманда елдігімізді, тыныштығымызды қалай сақтап қаламыз деп сең қозғалып, келелі ойлар айтылған ғылыми-практикалық конференция соңы пікір алмасумен өз мәресіне жетті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар