Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ару. Ар. Абырой! - АРҚА АЖАРЫ

Ару. Ар. Абырой!

Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің оқушылары Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының актрисасы, ұстаз Маржан Бөкешованың жетекшілігімен Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушысы, режиссер Тасболат Омаровтың «Жазығым не менің, мама?» атты драмалық мюзиклын көкшетаулық жастардың назарына ұсынды.

– Өткен жазда Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының ұлағатты ұстазы Тасболат Омаров біздің колледжге келіп, осы қойылымды сахналаған болатын. Содан колледж директоры Құралай Ыдырысова қазіргі жастардың өзекті мәселелері қамтылған осынау композициялық қойылымды оқушылар мен студенттердің, яғни, жастардың алдында сахналау идеясын алға тартты. Оқу жылы басталысымен дайындықты бастап кеттік. Колледжіміздің 3-4 курс оқушылары композиция барысында әртүрлі жанрда жазылған шығармаларды оқыды, ішінде біздің жерлесіміз Оюлы Қуаныштың «Жанайқай» немесе көліктің терезесінен лақтырылған, туа салып өлім құшқан сәбидің монологы» атты өлеңі де бар, – деді қоюшы режиссердің көмекшісі, колледж оқытушысы Маржан Бөкешова.
Қойылымды қоюдың басты мақсаты жастарды теріс жолға түспеуге, бір-бірін алдамауға, қыздардың жасанды түсікке жол бермеуіне, темекі мен ішімдік секілді теріс қылықтардан бойларын аулақ ұстауға, адамдардың жаңа туған шақалақтарын біреудің босағасына тастамауға, жетімдер үйіне өткізбеуге, түрлі айуандыққа барып, қоқыс жәшігіне, әжетханаға лақтырмауға шақыру секілді бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне арналды
Мұндай қойылымдар қазіргі таңда жастарға өте қажет-ақ. Ұлтымыздың болашақ аналары – аруларымыздың адал әрі тәрбиелі, әр шаңырақтың жылуын кіргізіп, қорғанышы болатын ер балалар мен жігіттердің жауапкершіл әрі намысты болулары үшін мектептің 8-9-шы сынып оқушыларынан бастап, жоғары және орта арнау-
лы оқу орындарының студенттеріне дейін осы композициялық қойылымды бірнеше қайталап көрсеткен дұрыс. Қойылымды көрген жастарымыз бәлкім, ойланар еді. Олар осы қойылымнан ұлт намысы – ұлт болашағы екендігін, арудың ары мен абыройы – оның отбасы мен ұрпағының бақыты саналатындығын түсінер еді деген ой біздікі.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар