Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда бас шыршаның шамы жанды - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда бас шыршаның шамы жанды

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин облыс орталығы Көкшетау қаласындағы Тәуелсіздік алаңына орнатылған жаңа жылдық шыршаның шамын жағу рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Қыстың қытымыр мінезіне қарамастан, бұл шараға қала тұрғындары, студенттер мен мектеп оқушылары көп жиналды. Жаңа жылдық шыршаны жағу рәсімі дәстүрлі Аяз ата мен Қарша қыз, басқа да ертегі кейіпкерлерінің және кішкентай бүлдіршіндердің қатысуымен өтті.
Облыс әкімі Мәлік Мырзалин жиналғандарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, алдағы ит жылында ойларына алған арман-мақсаттарының биіктерінен көрінулеріне тілектестігін білдірді.
– Жаңа жыл – балалардың да, ересектердің де сүйікті мерекесі. Өтіп бара жатқан 2017 жыл еліміз үшін Астана және Алматы қалаларында өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі мен Дүниежүзілік қысқы универсиада сияқты тарихи оқиғалармен маңызды. Сонымен қатар, жыл экономикалық және рухани жаңғырумен де есте қалады. Бұл жылы тұрғындардың еңбекқорлығы мен бірлігінің арқасында ойлаған арман-мақсаттарымызға қол жеткіздік. Қаламызда жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық нысандар бой көтерді. Ең бастысы қоғамда бейбітшілік пен тыныштық сақталды. Бұл жылы Елбасының алға қойған міндеттерін жүзеге асыруда маңызды қадам жасадық. Сол себепті, облыстың өркендеп, дамуы-на үлес қосқан баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Біз жаңа жылдың табалдырығын аттағалы тұрмыз. Алдағы жылдың қандай болатыны біздің өзімізге байланысты. Сондықтан, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру бағытында одан әрі бірлесе еңбек ететін боламыз, – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.
Бұдан кейін орталық алаңда орнатылған биік шыршаның шамдары жағылып, әуеде әсем ән қалықтады. Мерекелік шарада «Асыл мұра», «Арай» ұлттық би ансамбльдері мен қала жастары өнер көрсетіп, әсем әндер шырқалды, билер биленді. Әсем музыка әуендері жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қыстың қытымыр аязын естен шығарғандай әсер қалдырды. Аспанға атылған түрлі-түсті отшашулар мерекелік думанның көрігін одан сайын аша түсті.
Тәуелсіздік алаңындағы Жаңа жыл мерекесіне арнап мұздан тұрғызылған қалашық қазірдің өзінде көкшетаулықтардың келетін сүйікті орнына айналып үлгергендей. Әсіресе, жалт-жұлт еткен жарық шамдар тартылған мұздан жасалған Аяз ата мен Қарша қыз, жыл иесі – ит, басқа да ертегі кейіпкерлері шынайылығымен жұртшылықты ертегілер әлеміне енгізгендей әсер қалдырады. Қалашықтағы сырғанақ та қала тұрғындары үшін отбасылық демалыс орнына айналып отырған жайы бар.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар