Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлемдік деңгейге қол жеткіздік - АРҚА АЖАРЫ

Әлемдік деңгейге қол жеткіздік

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің құрдасы болып табылатын «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының тарихы оқиғаларға толы. Осы жылдары өнімнің сапасы мен бірегейлігі Қазақстан мен шетелдерде бірнеше мәрте мойындалды.

Осының бәрі сонау 1991 жылдан басталды. Құрамында бес адамнан тұратын жас гидрогеологтар тобы табиғи минералдық судың көзін бірінші болып барлады. Кейін ол Құлагер-Арасан атауын алып, бұл атаумен су бренді шығарыла бастады. Бүгінгі күні ол ұлттық брендке айналып отыр. Асханалық ауыз судың құрамында адам емдейтін 26 компонент бар. Бұл су адам ағзасы құрамының микроэлементтерін көбейтіп, табиғи қуат ретінде ықпал етеді. Оның құрамына әлемде аз кездесетін табиғи йод кіріп, асқазан ауруының алдын алады. Зауыт шығаратын өнімнің тізімінде «Тұран» табиғи минералдық суларының тағы бір жеңіл қазақстандық бренді бар. Оның бірегейлігі күн сайын тұтыну үшін минералдардың теңгерімдеуінен тұратындығында. Құрамында дейтерияның аздығының арқасында «Тұран» суы әлемде жеңілдігі бойынша тек антарктика мұзы мен космонавтар суына жол беріп, үшінші орын алады.
2017 жылы Мальтада «Monde Selection» атты ең беделді халықаралық конкурс болып өтті. Мұнда газдалған «Құлагер-Арасан», «Тұран» және газдалмаған «Тұран» тәрізді табиғи минералдық судың үш үлгісі ұсынылып, сапасы үшін 3 алтын медальға ие болдық. Адам ағзасына пайдалы ауыз суды тек қана табиғат жасап бере алады. Оның құрамында ион деңгейіндегі минерал кешені кіреді. Нәтижесінде ағза минералдарды тез игеріп, ағза ішіндегі физиологиялық үрдістерді қалыптастырады.
«Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының зауыты тұтынушыларға табиғаттың өзі жасаған ауыз суды ішуге мүмкіндік береді. 27 жыл бойы «Бурабай» ұлттық табиғи паркінің экологиялық таза аумағында табиғи минералдық су көзін іздеу жұмысы жүргізілуде. Мұнымен қатар, табиғи минералды суды ішудің адамға ықпалы зерттелуде. Адам әрқашан табиғаттың бөлінбес бөлшегі болып табылады. Оның ағзасының 80 пайызы судан тұрады.
Сондықтан, адам денсаулығы судың сапасымен тікелей байланысты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тұрғындарды ауыз судың сапасы мен құрамына ерекше назар аударуға шақырады. Тек табиғи минералдық су адам ағзасына оң ықпалын тигізеді. 2016 жылы «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының зауыты «Asia Waters» компаниясының ұлттық холдингісінің құрамына кірді. Кәсіпорында экологиялық таза өңірлерден бөтелкеге құйылған табиғи минералдық суды өндіру бойынша Оңтүстік Шығыс Азияда үздік әрі халықаралық маңызы бар инновациялық қазақстандық кәсіпорын құруға бағытталған ауқымды жаңғырту жұмысы жүргізілді. 2020 жылға дейін табиғи минералдық су өндірісі қуатын жылына 400 миллион литрге дейін көбейту жоспарлануда. Жыл сайын табиғи минералдық суға деген әлемдік сұраныс 15 пайызға көбейіп, бүгінгі таңда 1,1 миллиард литрді құрады. Бұл өсім салауатты өмір салтының трендіне байланысты. Осының арқасында тұтынушы судың құрамы мен суда пайдалы минералдардың барына назар аударады. Қазір «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының өндірістік алаңында KHS, FBT, HUSKY тәрізді инновациялық зауыттар жұмыс істейді. «Asia Waters» компаниясының болжамы бойынша келешектің өндірістік жүйесі қазіргі заманғы автоматтандыру, электр қуатын тұтынуды оңтайландыру, қоршаған ортаға ықпалды азайту және адамдар үшін жақсы еңбек жағдайын жоспарлау өлшемдеріне сәйкес келуі тиіс. Осының бәрі өндіріс көлемін ұлғайтуға, сапасы кепілдендірілген өнім алуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, мемлекет бюджетіне салық төлемдерін көбейтуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамына әлемдік ЭКО-стандарттар енгізілді. Өнімге «ЭКО» белгісін пайдалануға ресми құқық алды. Ғылыми-зерттеу базасы мен гидрогеологиялық қызмет нығайтылған. Табиғи минералдық су көзі мемлекеттік аудиттен өтіп, алдағы 25 жылдың жұмысы сертификатталған. Ұлттың денсаулығын жақсартатын бірегей табиғи минералдық сумен қазақстандықтарды қамтамасыз ету үшін «Asia Waters» компаниясының гидрогеологиялық қызметі экологиялық таза өңірлерден табиғи судың жаңа көздерін іздеу жұмысын жалғастыруда.

Станислав МАКСИМЕЦ,
«Көкшетау минералды сулары»
акционерлік қоғамының
директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар