Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қызметі ыңғайлы орталық - АРҚА АЖАРЫ

Қызметі ыңғайлы орталық

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин Көкшетау қаласында автокөліктерді тіркеу жөнінде мамандан-дырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуына қатысты. Бұл орталықтың ашылу рәсімінде «Азаматтарға арналған үкімет» мем-лекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов та болды.

Көкшетау қаласында бірінші рет ашылып отырған бұл орталық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына қарайды. Мұнда тұрғындар автокөліктерін тіркеу, жүргізуші куәлігін беру, автокөліктерді қайта рәсімдеу секілді қызмет түрлерін ұзын-сонар кезек күтпей-ақ ала алады. Өйткені, орталық толығымен электронды форматта жұмыс істейді. Облыс әкімі Мәлік Мырзалин мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын толығымен аралап көріп, оның техникалық жарақтандырылуына, жұмыс барысына қанықты.
Зерендіге шыға беріс трассаның бойында орналасқан жаңа орталықта 23 бейнебақылау камерасы орнатылған. Олардың бәрі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын онлайн режимінде бақылап отыру үшін аталған мемлекеттік корпорациясының ситуациялық орталығына қосылған.
Орталық екі ғимараттан тұрады. Біріншісінде техникалық төлқұжат рәсімделіп, кассаларда төлем жүргізіледі. Сонымен қатар, ақылы нөмірлерді де осы жерден сатып алуға болады. Ал, екінші ғимаратта автомектеп түлектерінен емтихан қабылданып, жүргізуші куәлігі беріледі. Ол үшін алдымен, болашақ жүргізушілер медициналық тексерістен өтеді. Облыс әкімі медициналық тексеріс кабинетінің де осы орталықтың ішінде орналасқандығы тұрғындар үшін өте қолайлы болатындығын ерекше атап өтті.
Салтанатты ашылу рәсімінің соңында журналистерге берген сұхбатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов осындай орталықтың еліміздің он екі өңірінде барын, оларда осы уақытқа дейін бір жарым миллионнан астам жүргізушіге қызмет көрсетілгенін атап өтті.

Венера Талғатқызы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар