Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа автобустар тиімділігін көрсетті - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа автобустар тиімділігін көрсетті

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Александр Рублевскийдің және «Көкшетау автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әсия Шәрімованың қатысуымен ұйымдастырылған брифингте жақында Көкшетауда қалаішілік маршруттарда Беларусь және Ресейдің бірлескен «Лотос» маркалы автобустарына жүргізілген сынақтың қорытындысы шығарылды.

Брифингте мамандар бірауыздан «Рари ТЭК ЖМЗ» компаниясының автобустарының біздің қаламыз үшін экологиялық жағынан тиімді екенін атап өтті. Дегенмен, жолаушыларға жайсыздық туғызатын кейбір кемшіліктері де айтылмай қалмады. Бұл жоба қалалық әкімдіктің «Көкшетау қаласында жолаушылар көлігін жаңғырту» жобасы шеңберінде қолға алынып отыр. Аталмыш жоба бойынша қолданыстағы автобустардың 40-50 па-йызын, яғни, тозығы жеткен көліктерді ауыстыру қарастырылған. «Көкшетау автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әсия Шәрімованың айтуынша аталмыш автобустар бір апта бойы қаладағы №1, №10 және №16 бағыттарда жолаушыларға қызмет көрсетті. Осы аралықта жолаушылар тегін тасымалданды. Жолаушылардың пікірлері мен сауалдары да ескерілді.
– Жаңа көліктер бейнебақылау, кондиционер, сымсыз интернет желісі және жылыту жүйесімен жабдықталған. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көтергіш те бар. Автобустың ең басты артықшылығы, отын орнына метан газын қолдануында болып отыр. Бұл жағынан алғанда, біздің автобустармен мүлдем салыстыруға болмайды. Дегенмен, кемшіліктері де жоқ емес. Әсіресе, салон ішіндегі баспалдақтың жолаушыларға біраз қолайсыздық туғызғанына куә болдық. Оны сынақ кезінде автобусқа отырған жолаушылардан да естідік. Оған қоса, метан газын жанар-жағар май құю стансасының біздің қаламызда жоқтығы тағы бар. Компания басшыларына осындай кемшіліктерді жою туралы талап қойдық. Алда тағы екі автобус компаниясының қоғамдық көліктерін сынақтан өткізетін боламыз. Содан кейін ғана нақты бір шешімге келеміз, – деді Әсия Шәрімова.
Ал, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Александр Рублевский метан газының 1 текше метрі дизель отынынан гөрі 40-50 пайызға арзандығын ескере келе, бұл автобустардың құны 51 миллион теңге болғанына қарамастан, экологиялық әрі экономикалық жағынан тиімді екенін айтуда. Ең бастысы, жолаушылар үшін тиімділігі, қалаішілік маршруттардағы автобустарды жаңарту жобасының қоғамдық көлікте жол жүру ақысына еш кері әсер етпейтіндігінде болып отыр. Брифингте Александр Рублевский мен Әсия Шәрімова «жаңа автобустарды сатып алсақ, жолақысы қазіргі 80 теңгеден көтерілмейді», – деп сендірді.
Жаңа автобустарды сынақтан өткізу мерзімі келер жылдың қаңтар айының соңына дейін жалғасатын болады. Брифингте журналистер тарапынан жаңа автобустарға қаламызда сервистік қызмет көрсету орталығы мен метан құю стансаларын салу төңірегінде сауалдар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар