Көшпелі мұражай ұйымдастырды

Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері Зеренді ауданы Айдарлы негізгі мектебінде көшпелі музей ұйымдастырды.

Айта кетейік, 1920 жылы негізі қаланған облыстық тарихи-өлкетану мұражайы республиканың көне мәдени мекемелерінің бірі. 1900 жылы салынған музей мемлекет қорғауындағы тарихи-архитектуралық ескерткіштер тізіліміне енгізілген. Күллі еліміз рухани жаңғыруға бет бұрып жатқанда аталған мұражайдың біздің білім ошағына келіп, тағылымды шара ұйымдастыруы біз үшін үлкен мәртебе. Музейге қойылған ағаштан, теріден, жүннен, сүйек, мүйізден қарапайым әдістермен жасалған ұлттық бұйымдарды этнография бөлімінің ғылыми қызметкері Күміс Қасымбаева таныстырды.
Бүгінде мұражай қорында 80 мыңнан астам тарихи, археологиялық, этнографиялық, өлкенің табиғаты мен мәдениетіне байланысты жәдігерлер сақталған. Олардың бірсыпырасын осы жолғы көшпелі музейден көре алдық. «Абылай хан» залы бо-
йынша бейнебаян арқылы экскурсияны жалпы тарих бөлімінің ғылыми қызметкері Айғаным Зарлықова таныстырды. Залда қазақ батырларының қару-жарақтары мен Қазақ хандығы дәуіріндегі ақсүйектердің киімдері қойылды. Солардың арасында Абылай ханның немересі Шыңғыс Уәлихановтың шапаны, ұлы ғалым, саяхатшы Шоқан Уәлихановтың жиенінің бұрымға таққан әшекейі – шолпысы да бар.
Тарихи деректерге сүйенсек, 1855 жылы Шыңғыс Уәлихановқа сыйлық ретінде Ресей патшасы ІІ Александр шапан сыйлаған екен. Ол шапанды 1969 жылы Көкшетау облыстық тарихи-өлкетану мұражайына Шоқан Уәлихановтың ұрпағы – Жетпісбай Мырзабаев тапсырған. Осындай құнды мәліметтер айтылған шара аясында оқушыларға «Алаш қайраткерлері» жайлы деректі фильм көрсетіліп, мұражайдың жалпы тарих бөлімінің ғылыми қызметкері Гүлім Рақымжанова Алаш қозғалысының Ақмола-Көкшетау өңірінен шыққан қайраткерлері жөнінде фотокөрмені ұсынды. Сонымен қатар, қоғам қайраткерлері ұстаған сағат, машинка, телефон, қаламсап сияқты заттарды оқушыларға таныс-
тырып өтті.
Айнагүл БАЛТАБАЕВА,
Айдарлы негізгі мектебі директорының Зеренді ауданы тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар