Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа жылдағы жақсы жоралғы - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа жылдағы жақсы жоралғы

Жаңа жыл әсіресе, балалар үшін айрықша қуанышты, шаттыққа толы мереке. Оның ішінде жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынан айырылған балаларға орны бөлек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жас толқынға жете көңіл аударуының арқасында балалар мерекелері ұйымдастырылуда. Ерейментау қаласында «Сказка» балалар бақшасында 7-15 жас аралығындағы жетім және ата-аналарының қамқорлығынан айырылған балаларға арналған жаңа жыл шыршасы өткізілді.

Алдымен әртүрлі аңдар кейпіндегі жүргізушілер ортаға шықты. Жанарларын сәл ғана торғын мұң торлаған балалар әп-сәтте қызып жүре берген қызық-думанның ортасында қалды. Асқақтата ән салып, құйқылжыта билеген жүргізушілердің кәсіби шеберліктері айта қаларлықтай екен. Шыршаны айнала алқа-қотан тұрған алпыс шақты баланы бірден үйіріп әкетті. Ара-кідік ортаға қызғылықты сауалдар тастап, ешқайсысын шет қалдырмай, ұршыққа үйірген олар ойын да ойнатты, ән де айтқызды.
–Осындай шаралар бізде жиі өтіп тұрады. Аға буынның қамқорлығы үшін алғысымызды білдіргіміз келеді,–дейді Сілеті орта мектебінің оқушысы Злата Страшнова,–бүгін біз әдемі киініп, көтеріңкі көңіл-күймен келдік. Аудан әкімі Ермек Нұғымановтың атынан сый сия-
пат та берді. Осының барлығы балалардың болашағын ойлағандықтан деп түсінеміз. Сол үшін ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Күні ертең өскенде біз де дәл осылай кейінгілерге қамқор болып, әрбір жаңа жыл сайын сыйлық сыйлап, қуанышқа кенелткіміз келеді.
Аудан орталығында өткен сәні мен салтанаты келіскен тамаша шараға аудандағы жоғарыда аталған топқа жататын барлық бала қатыстырылып отыр. Бір сәт ертегі әлеміне сүңгіп, көңіл кірбіңін жанашыр жандардың жүрек жылуымен тазартқан өндірдей жастар маңдайынан сипаған жанашыр алақанның ыстық табын сезінуі өте маңызды. Бұл тек көңіл көтеру ғана емес, түсіне білгенде тәлімді тәрбие, өміршең өнеге.
Тұп-тура 55 бала қатысқан жаңа жылдық мереке өзіндік сән-салтанатымен өткізілді. Жалғыз балалар ғана емес, аға буын да мазмұнды шараға куә болды. Ерейменнің биігінен жаңа бір күн күліп атып келеді. Жаңа жыл таңы. Жаңа табыстарға бастайтын жылдың бастауы. Сол жылды еліміздің ертеңгі болашағы – жас толқыны жан жадыратар жақсылықпен қарсы алуы жақсы ырым.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Ерейментау ауданы.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар