Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел қорғанысына қосар үлесіміз бар - АРҚА АЖАРЫ

Ел қорғанысына қосар үлесіміз бар

Кеңес заманында Ерейментау қаласында орналасқан автокөлік жөндеу зауыты Түркістан және Батыс Сібір әскери округтерінің автокөліктерін күрделі жөндеуден өткізумен айналысты. Еліміз тәуелсіздік алған жылы бұл кәсіпорын «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 811 әскери зауыты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери жөндеу зауыттарының құрамына кірді. Үкіметтің қаулысына орай, бұл зауыт 2004 жылы таратылып, «КИ 811 автокөлік жөндеу зауыты» акционерлік қоғамы болып қайта құрылып, «Қазақстан Инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының құрамына енді. Кәсіпорын автокөлік және шынжыр табанды техникаларды күрделі жөндеуден өткізуге мамандандырылған. Сондай-ақ, әскери техникалар мен өрт сөндіру автоцистерналары жөнделеді. Кәсіпорынға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Төтенше жағдайлар комитеті тапсырыс беруде.

Зауыт 1976 жылдан бері «КамАЗ», «Урал», «КрАЗ», «Зил» автокөліктерінің қозғалтқышы мен бөлшектерін, жеңіл шынжыр табанды транспортерлерді күрделі жөндеуден өткізіп келеді. Халық шаруашылығының қажеттілігі үшін «Батыр» транспортер тягачын, дизельдік күш агрегатын орнату арқылы «БРДМ-2» әскери техникасын жаңарттық. Мұнда асфальт жолға зақым келтірмеу үшін танк пен бронды транспортердің шынжыр табанына башмактар жасалады. Кәсіпорын базасында «Урал-4320» жүк автокөлігі жиналады. Сондай-ақ, бұл жүк автокөлігіне орнатылатын өрт сөндіруге арналған әртүрлі цистерналар жасалады. Жергілікті атқарушы органдардың қажеттілігі үшін аталмыш автоцистерналар күрделі жөндеуден өткізіледі. Әскери эксковаторларды да жөндейді.
Зауыт өз өнімдерін көп жылдардан бері «KADEX» көрмесіне ұсынып келеді. Кәсіпорын өрт сөндіруге арналған автоцистерна жасаумен 2011 жылдан бері айналысады. Осы қысқа мерзім ішінде зауыт өрт сөндіруге арналған көптеген автокөліктер шығарды. Автоцистерналар Төтенше жағдайлар комитетінің қажеттілігі үшін жасалды. Зауыт 2017 жылы ел әскерінің қаруы сапында тұрған жеңіл бронды тягачтар мен транспортерлерді күрделі жөндеуден өткізді. Жөнделген техникалар сынақтан өткізілді. Бұдан кейін тягачтар Қазақстанда өткен халықаралық әскери ойындарында пайдаланылды. 2017 жылдың қарашасында кәсіпорын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қажеттігі үшін өрт сөндіруге арналған автоцистерналар жасау жұмысын аяқтады. Сондай-ақ, зауытта ірі калиберлі пулемет пен «САРП» әскери модулі орнатылған жеңіл бронды тягачтарды жаңарту жұмысы жүргізілуде. Кәсіпорын әскери сынаққа «МТ-ЛБ» базасындағы брондалған медициналық транспортер-эвакуатордың тәжірибе үлгісін ұсынды. 2013 жылы кәсіпорынға ИСО 9000-2009 сапалық менеджмент жүйесі енгізілген.
Қазір біздің ұжымда 112 адам жұмыс істейді. Зауыт шарықтау және құлдырау тәрізді әртүрлі кезеңді басынан өткерді. Өз ісіне шынайы берілген адамдар барлық қиыншылыққа төзіп, сүйікті кәсіпорнын тастап кетпеді. Еңбеккерлерге әлеуметтік қолдау көрсету ережесіне орай, зауыт жұмысшыларына материалдық көмек тұрақты көрсетіледі. Мәселен, үйленгенде, сәби туғанда, бала асырап алғанда, мерейтойларда, ата-анасы, жұбайы мен баласы қайтыс болғанда, медициналық емдеу ақысы шығынына жәрдемақы төленеді. Біздің зауыттан құрметті демалысқа шыққан еңбек ардагерлері ұмытылмайды. Оларға егде адамдар күні ақша бөлінеді. Сондай-ақ, кәсіпорынның барлық еңбеккерлері «Қазақстан Республикасы Машина жасау еңбеккерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі болып табылады.
Зауыт өзінің жоғары білікті мамандарын, инженерлер мен жұмысшыларын мақтан тұтады. Мәселен, өндірістің бас инженері Геннадий Бебенин, бөлім басшысы Александр Палий, жұмысшылар Алексей Крикунов, Игорь Семко, Татьяна Волошина, Вера Латыпова және өзгелері өздерінің саналы ғұмырын кәсіпорынға арнап келеді. Өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болып жүрген бұл адамдар зауыттың мақтанышы.
Кәсіпорын білікті жұмысшылар, техникалық мамандар даярлау сапасын арттыру және кадрлар жүйесін жетілдіру мақсатында облыстық білім басқармасымен және Ерейментау қаласындағы №8 агротехникалық колледжбен «Өзара түсіністік және стратегиялық әріптестік туралы» үшжақты меморандумға қол қойған. Тәжірибеден өтуге келген студенттерге өндіріс басшыларынан жетекшілер тағайындалады. Сондай-ақ, жоғары білікті еңбеккерлерден әр студент үшін тәлімгер бекітіледі. Жұмыс орындары қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Өндірістік тәжірибе соңында көзге түскен студенттерге Алғыс хаттар және ақшалай сыйлық беріледі. Кәсіпорын мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындағанымен, аудан тұрғындарына дәнекерлеу, қозғалтқыш бөлшектері мен автокөлікті жөндеу тәрізді өзге де қызмет түрлері көрсетіледі. Зауыт сапаны арттыру және жаңа өнім түрлерін игеру жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.

Ержан КӘРІМОВ,
«КИ 811 автокөлік жөндеу зауыты»
акционерлік қоғамының
бас директоры.

Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар