Аяқ доптың бас жүлдесі – астрахандықтарда

Атбасар қаласындағы «Олимп» спорт кешенінде Мәуліт мерекесі құрметіне «Атбасар» мешітінің ұйымдастыруымен шағын футболдан турнир өтті. Оған Астрахан, Жарқайың, Есіл, Жақсы аудандарынан келген мешіт жамағаттарының футбол командалары қатысты.

Жиналған қауымды «Атбасар» мешітінің бас имамы Ақылбек Шопабеков қасиетті Мәуліт айымен құттықтап, жақсылық пен ізгі амалдар тіледі. Бірнеше сағатқа созылған сайыста Астрахан ауданынан келген аяқ доп шеберлері барлық қарсыластарын қапы қалдырып, турнирдің жеңімпазы атанды. Екінші орынды алаң иелері иеленсе, үшінші жүлделі орын «Атбасар» мешітінің ардагерлер командасына бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді спорт ардагері, турнирдің бас төрешісі Амангелді Қадырбаев құттықтап, ақшалай сыйлықтар табыс етті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар