Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өрт болдырмас үшін бекеттерді көбейтіп жатырмыз - АРҚА АЖАРЫ

Өрт болдырмас үшін бекеттерді көбейтіп жатырмыз

Өңірдің көптеген елді мекендері аудан орталықтарынан шалғайда орналасқандықтан, жазатайым өрт шыға қалса, біздің өрт бөлімшелерінің қызметіне тәуелді.

Өрт туындаған жағдайда өрт сөндірушілерге өрттің ошағын жедел әрі аз шығынмен сөндіруге әр минут қымбат. Мемлекет басшысының ел халқына арнаған Жолдауында Қазақстан әлем елдері адамдарының тұруы үшін ең қауіпсіз әрі ыңғайлы елдің бірі болуы тиістігін, дамыған елдердегі тәрізді бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқықтық тәртіп болуын атап өтті. Сондықтан, төтенше жағдайды ескерту мен жою, өрт сөндіру, апаттық құтқару жұмысын жүргізу, оның ішінде коммуналдық шаруашылықтағы апат, өңірдің елді мекендеріндегі су тасқыны, жол-көлік оқиғасының салдары тәрізді проблемаларды тиімді шешу – басты міндет. Осы орайда, шалғайдағы елді мекендерде жергілікті атқарушы органдардың қаржысы есебінен өрт сөндіру бекеттерін құру қажеттігі туындап отыр.
Әлемнің көптеген елдерінде өрт сөндіру бекетін құру әртүрлі әдіспен және қағидатпен ұйымдастырылады. Мәселен, Германияның шағын қалаларындағы өрт сөндіру бекеттері ерікті волонтерлерден тұрады. Барлық бекетте мемлекеттік өрт сөндірушілермен бірге еріктілер жұмыс істейді. Кез келген тілек білдіруші өрт қызметінің еріктісі бола алады. Өрт сөндіру қызметінің әр ерікті қызметшісі өзімен бірге пейджер алып жүреді. Қандай да бір оқиғада өрт сөндірушілерге көмек қажет болған жағдайда еріктілер жоспарға сәйкес қимылдайды. Фирма еңбеккері жұмыс уақытында дабыл қағылса, өз жұмыс орнынан кете алады. Еңбекақының орнына қаладан жәрдемақы алады. Бұл ереже оқу-жаттығу дабылы қағылғанда өз күшіне енеді. Шағын қалаларда ерікті өрт сөндіру қызметі жоқ. Өйткені, мемлекет үшін бұл қалалар әлі ірі емес. Мұндай жағдайда жергілікті билік мемлекеттік қызметкерлерден ерікті өрт сөндірушілер тағайындайды. Олар қалада нағыз еріктілер пайда болғанша өрт сөндіруші міндетін тегін атқарады.
Біздің жағдайда облыстық әкімдік облыстық төтенше жағдайлар департаментімен бірге өңірдің шалғайдағы елді мекендерінде өрт сөндіру бекеттерін құрудың кезеңдік жоспарын жасап, бекітті. Бұл жоспарға сәйкес, облыс аумағында 2017-2021 жылдары 27 өрт сөндіру бекетін құру межеленген. Оның 13-і құрылып, елді мекендерді өрттен қорғауда.
Зеренді ауданында жергілікті атқарушы органдардың қаржысы есебінен алты бекет жұмыс істейді. Бұланды ауданының Капитоновка селосында үстіміздегі жылдың маусым айында өрт сөндіру бекеті ашылып, оны ұстауды және еңбеккерлерге еңбекақы төлеуді «Журавлевка» серіктестігі өз мойнына алды. Сондай-ақ, аудандық әкімдік шаруашылық жүргізетін субъектілерімен әлеуметтік жауапкершілік жөнінде меморандумға отырды.
Жақсы ауданының Запорожье селосы, Бұланды ауданының Новобратский селосы, Ақкөл ауданының Қараөзек ауылы, Шортанды ауданының Новоселовка селосында және Бурабай ауданының Веденовка селосындағы шаруашылық жүргізетін субъектілер базасында өрт сөндіру бекеттері құрылды. Бұл бекеттер шаруашылық есебінен жабдықталады. Сондай-ақ, өрт сөндіру бекеттерінің еңбеккерлерін марапаттау тетіктері қарастырылған. Өрт сөндіру бекеттерінде өзге жұмыспен қамтылмаған білікті адамдар қызмет етеді. Олар негізгі жұмысын өрт сөндіру бекетіндегі қызметпен қабаттастырмайды. Құрылған өрт сөндіру бекетінің жеке құрамы өз мамандықтары бойынша өрт сөндіру бөлімдерінде тәжірибеден өтті. Бүгінгі таңда өрт сөндіру бекеттерінің жеке құрамын мамандандырылған ұйымдарда оқыту жұмысы жүргізілуде. Оқудан өткендерге сертификат беріледі. Сондай-ақ, біздің өрт сөндіру командалары өрт сөндірумен бірге өз аумақтарында болатын төтенше жағдайларды жоюға қатысады. Қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектеседі. Алдын алу жұмысымен айналысады. Өртті сөндіру кезінде күш пен құрал жеткіліксіз болса, өрт сөндіру құрылымының еріктілері болып табылатын кәсіпорын еңбеккерлері тартылады. Өрт сөндіру бекетінің еңбеккерлері жүргізетін алдын алу жұмысы жөнінде атап өткен жөн. Олар кезекшіліктен тыс бос уақытында тұрғын үйлерді аралап, көрнекіліктер таратады. Әр апта сайын өрт сөндіру бекеттерінің командирлері департаменттің аумақтық бөлімшелеріне алдын алу жұмысын өткізгені жөнінде мәлімет береді.
2017 жылы өрт сөндіру бекеттерінің жеке құрамы мен еріктілер 54 кездесу, 16 Ашық есік күнін және екі мыңнан астам үй аралау шарасын өткізді. Күн сайын аудандық өрт сөндіру бөліміне кезекшілікке кіріскен жеке құрам мен әскери техника жөнінде баяндалады. Құрылған өрт сөндіру бекеттері департаментпен болған төтенше жағдай жөнінде уақытылы ақпарат алмасады. Бүгінгі таңда өрт сөндіру бекеттерімен Ақмола облысында 46 елді мекенді қорғау қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, Ақкөл ауданының
3 елді мекенінде, Целиноград ауданының 2, Зеренді ауданының 21, Шортанды ауданының 4, Бұланды ауданының 9, Жақсы ауданының 2 және Бурабай ауданының 5 елді мекенінде өрт сөндіру бекеті ашылған. Өрт сөндіру бекеттерінде 17 техника, өрт сөндіру техникалық қаруы, әскери киім мен байланыс құралы бар. Селолық округтарда
ерікті өрт сөндіру құрылымдарының бекеттері жұмыс істегеннен бері 204 тұрмыстық, дала мен орман өрті сөндірілді. Облыста өрт сөндіру бекеттерін құру жұмысы қазір тұрақты бақылауда ұсталуда.

Манарбек ШАПАҒАТОВ,
Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар