Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алға үмітпен қараймыз! - АРҚА АЖАРЫ

Алға үмітпен қараймыз!

Өткен уақыт бүгінгімен алмасып,
Ойым жатыр бір-бірімен жалғасып.
Саналы адам бейқам қалар сәт пе бұл,
Жолдау жасап, жол көрсетсе Елбасы.

Тауқыметтің торын шырмап құрғандай,
Сан қиындық тұс-тұсыңнан ұрғандай.
Кезден де өттік сұсы қатты, шырғалаң,
Елдігіміз қыл үстінде тұрғанда.

Аттай алмай жүрер жолды дөп тауып,
Әр ісіңнің алдын орап тек қауіп.
Тығырыққа тірелген сол күндерде,
Мұңға батып, қапаланды көп халық.

Жұртпен бірге көрдім мұны өзім де,
Ел ішінде қызмет еткен кезімде.
Қиналсақ та алға үмітпен қарадық,
Батпан салмақ түскен шақта төзімге.

Баста бізді, белді будық бекем деп,
Ел тізгіні берік қолда екен деп,
Халқы сенді Нұрсұлтандай ұлына,
Елбасыммен жақсы күнге жетем деп.

Содан бері жиырма алты жыл өткенде,
Шаттанамыз бүгінгі қол жеткенге.
Арайланды елім, жерім, ертеңім,
Тәуелсіздік таңы нұрын сепкенде.

Киер киім, ішер тамақ бәрі бар,
Еш себеп жоқ бір нәрседен тарығар.
Заман туды ел еңсесін көтеріп,
Шет жұрттарға жалтақтаудан арылар.
Кемеңгерлік танытты Елбасымыз,
Қолдай білдік оны кәрі-жасымыз.
Сан түрлі ұлт бір халық боп ұйысып,
Домалады өрге бүгін тасымыз.

Әлем бірақ сан құбылып, толқуда,
Себептер көп секем алып, қорқуға.
Болашақты бағамдауды жаңаша,
Ұсынады Елбасыдай зор тұлға.

Елім маған не берер деп тоспайық,
Пайдасы көп небір істер бастайық.
Озық елдер қатарына жетелер,
Жаңғырудың жаңа жолын қостайық.

Еран Мағұзұмов.
Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар