Бірлесіп атқарар міндет көп

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа арнаған Жолдауы Көкшетау қаласындағы облыстық Достық үйінде өткен дөңгелек үстел отырысында кеңінен талқыланды.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысқан бұл жиын үстіміздегі қаңтар айында мерейлі алпыс жасқа толып отырған «Өзбек мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Тожибуви Медетованы құттықтау рәсімінен басталды. Облыс әкімінің мерейтой иесіне арналған Алғыс хаты оқылып, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері де жүрекжарды тілектерін жеткізді. Дөңгелек үстел отырысын облыстық «Видергебурт» неміс қоғамының төрайымы Светлана Корнеева жүргізіп отырды.
«Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов, Көкшетау қаласындағы гуманитарлық-техникалық мектеп-лицейінің директоры Наталья Дементьева, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл Президенттің Жолдауына қатысты өздерінің ой-пікірлерін білдіріп, стратегиялық құжатты қолдайтындарын жеткізді. Әсіресе, Жолдаудағы білім беру саласын жетілдіру, мұғалімдердің беделін көтеру, қазақ тілінің сөздік қорын жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтау туралы ойлар кеңінен қолдау тапты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар