Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшенің сауықтыру орындары маңғыстаулық мұнайшыларға да қызмет көрсетеді - АРҚА АЖАРЫ

Көкшенің сауықтыру орындары маңғыстаулық мұнайшыларға да қызмет көрсетеді

Елбасының Жолдауында айтылған ішкі жəне сауықтыру туризмін дамыту жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Ақмола облысының делегациясы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болып, осы бағытта бірқатар келіссөздер жүргізді. Делегация құрамында кәсіподақ, туристік сала, ірі шипажайлар жəне демалыс орындарының өкілдері болды.

Сапар аясында Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражамбасмұнайгаз» жəне «Өзенмұнайгаз» сияқты еліміздегі ірі мұнай компанияларының басшылығы жəне кəсіподақ төрағаларымен кездесулер өткізілді. Онда Ақмола облысының шипажай-курорттық əлеуеті таныстырылды. Екіжақты келіссөздер нәтижесінде ақпан айының басында мұнайшылар үшін Бурабай жəне Зеренді демалу орындарына ақпараттық тур ұйымдастыру ұйғарылды. Сондай-ақ, Ақмола облысы мен Маңғыстау облысы кəсіподақтарының аумақтық бірлестіктері бірлесе отырып, кәсіподақ жұмысшыларының мүддесі мен еңбек құқығын қорғау, Маңғыстау облысындағы кәсіпорындар мен өнеркәсіп саласындағы жұмысшыларды Ақмола облысы аумағындағы шипажай, сауықтыру орындары, демалыс үйлері мен пансионаттарында дем алуға тарту бағытында екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Осы ретте делегация құрамында болған Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі Марат Иғалиев Елбасы Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында өңірімізде ішкі жəне сауықтыру туризмін дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.
– Облыс əкімі Мəлік Мырзалиннің тапсырмасына сәйкес, Бурабайға сауықтыру жəне демалу үшін еліміздегі ірі кәсіпорындар мен өнеркәсіп орындарының кәсіподақ мүшелерін тарту жұмыстары қолға алынып отыр. Осы ретте, облыстың туристік əлеуетін арттыру үшін бұл жұмысты өз жұмысшыларымен ұжымдық келісім-шарты жəне əлеуметтік пакеттері бар ірі кəсіпорындар шоғырланған Маңғыстау облысынан бастап отырмыз. Маңғыстаудағы үш мұнай компаниясының өзінде 20 мың адам жұмыс істейді. 2018 жылы Көкшетау —
Ақтау (20 мың теңге тарифімен аптасына 2 реттен кем емес) жəне Алматы — Көкшетау (18 мың теңге тарифімен аптасына 2 реттен кем емес) əуе бағыттарын субсидияландыру арқылы туристердің ағымын арттыру көзделіп отыр, – деді Марат Иғалиев өз сөзінде.
Облыстық туризм басқармасының мәліметі бойынша, соңғы кездері облысымызда дем алушылар арасында қысқы туризм кеңінен қанат жайып келеді. Әсем табиғатымен көздің жауын алатын аймақта туристердің демалысын жазда ғана емес, қыс айларында да ойдағыдай ұйымдастыруға болады. Өңірдегі көптеген шипажай кешендерінде көрсетілетін қызмет сапасы қазіргі заман талаптарына сай. Әсіресе, кәсіби шаңғышылар мен туристер үшін ЦСКА, «Нұр Тау» тау шаңғы базасы мен тау шаңғысы және ұзындығы 300 метр арқан жолы бар «Ақ Желкен» демалыс үйінде барлық жағдай жасалған.
Ал, «Rixos Borovoe» қонақ кешенінде іске қосылып, қыста сноубординг, жазда вейкбординг ретінде жұмыс істейтін вейк-парк жыл бойы туристер мен дем алушыларға қызмет көрсетеді. Оған қоса, «Қазақстандық Лапландия», Бурабай кентінің орталық жағажайындағы мұз қалашығы, «Айнакөл» отелі, «Абылайхан» алаңы, «Дискавери-Бурабай», «Звёздный», «Лесная сказка» балалардың сауықтыру орталықтары балалардың сүйікті мекеніне айналып отыр. Бурабайдағы қысқы демалыс алаңдарына жаңа жылдың алғашқы аптасының өзінде келген адамдардың саны 10 мыңға жетті.
Жақында Бурабай аймағын ЮНЕСКО геопарктерінің ғаламдық желісіне енгізу жоспарланған. Бұл өз кезегінде көптеген туристер үшін, оның ішінде шетелдік қонақтар үшін курортты аймақтың қызығушылығын арттыра түспекші. Облысымызда Бурабайдан басқа, Зеренді ауданында «Сұңқар» сауықтыру кешені, «Елікті парк» тау шаңғысы базасы, Қорғалжын ұлттық табиғи қорығы сияқты өзен-көлдерге бай өңірлер жетерлік.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар