Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Бижанның» халал өнімдері - АРҚА АЖАРЫ

«Бижанның» халал өнімдері

Әлем өркениеттің шыңына шығып, адамзат ештеңеден тарықпайтын заманды бастан өткеруде. Бірақ, әлем ғалымдарын толғандырған бір мәселе бар, ол – табиғи таза өнімге деген сұраныс. Себебі, жасанды талшықтардан жасалатын тамақ өнімдері адамның ағзасына зиянын тигізеді.

Олай болса, адамдардың халал өнімге деген сұранысы жоғарылап отырғаны тегіннен-тегін емес. Бүгінгі әңгіме арқауы да Көкшетаудағы халал өнім шығаратын кәсіпорын жайлы болмақ. Қаланың Щучинскіге шығатын күре жолында салынған осы заманғы жаңа кәсіпорынға барып, өндіріс процесімен танысудың сәті түскен еді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Халал» стандарты» бөлімінің Ақмола облысы бойынша жауапты өкілі Науан Мүтәлұлы екеумізді «Бижан» ет өңдеу кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Шәкіржан Әнтаевтың өзі қарсы алды.
Кәсіпорын есігін ашқаннан-ақ мұнтаздай тазалықтың куәсі болдық. Мұнда санитарлық жағдайға ерекше көңіл бөлінеді екен. Бұл тамақ өнімін шығаратын өндіріс орындарының бәріне тән жағдай ғой. Дегенмен, «Бижан» ет өңдеу кешенінде тазалық мәселесі ең басты орында тұрғандай әсер қалдырды. Өндіріс алаңдарына кірген кезде автоматты түрде аяқ киімімізді жуып, сүртті. Компьютерленген кәсіпорынға қолымызды арнайы тазалағыш сумен жумай ішіне өткізбейді екен.
Осы жерде сөзге араласқан директор Шәкіржан Әнтаев бұл процестің тек сырттан келетін адамдарға ғана емес, жұмысшыларға да қатысты екендігін атап көрсетті. Бәлкім, халал дегенің осы процестен бастау алатын өндіріс ырғағын көрсететін шығар. Қалай болса да, кешегі кеңес заманында талай кәсіпорындарды аралаған едік, дәл осындай көріністі көз алдымызға елестету қиын соқты.
–Кәсіпорындағы құрал-жабдықтардың барлығы Еуропадан әкелінген. Осы заманғы инновациялық құрылғыларға негізделіп, компьютерлендірілген. Зауыт 2011 жылы іске қосылған екен. Ең бастысы, санитарлық талаптар, температуралық көрсеткіш және өнімнің сақталу жағдайы әлемдегі ең озық үлгілермен қамтамасыз етілген,–дейді Шәкіржан Әнтаев әңгіме арасында.
Сойылатын малдың етін сүйектен ажырату арнайы жел үрлегіш құралмен жүргізіледі. Бірден өнім сұрыптарға бөлініп, тиісті цехтарға жөнелтіледі. Жаңа сойылған мал етін екі аптаға дейін сақтау мүмкіндігі бар. Шетелдік тоңазытқыштарда температуралық көрсеткіш арнайы бағдарлама арқылы басқарылады.
–Біз малды сырттан тасымаймыз. Өзіміздің бордақылау алаңымыз бар. Онда кемі мыңнан аса мал бордақыланады. Ондағы мал саны ешқашан 400 бастан төмен кемуіне жол берілмейді. Зауыттағы барлық еңбек процесін жүзден аса адам қамтамасыз етеді. Оның жетпістен астамы цехтарда жұмыс атқарады.
Бұдан кейін серіктестік басшысы өндіріс жұмыстарымен тікелей таныстырды. Алдымен шұжық цехына бардық. Өзіміздің қазақы шұжықтардың неше атасы жасалуда. Бір өкініштісі, қазақтың шұжығын жасаудың мемлекеттік стандарты әлі жоқ екен. Мұнда арнайы техникалық жағдай ережелері ғана басшылыққа алынады. Осы жерде біз кейде осындай ұлттық өнімдерімізге патент және тағы басқа құжат алуда салақтық танытатынымызды айта кеткен артық болмас. Етті консервілеу жұмыстарын көріп таң-тамаша болдық. Қазақтың жылқысы мен қара малы әртүрлі дайын өнім болып сыртқа шығарылады. Дайын өнімдер қоймасына барғанымызда тоңазытқышы бар жүк көліктері өнімді тиеп жатыр екен.
Кәсіпорын басшысының айтуынша, бүгінде Қазақстанды былай қойып, Ресейдің көптеген қалалары «Бижанның» шұжықтары мен консервілерін тұтынады екен. Бізге ішекке салынып сүрленген қазақтың қазысы таңсық көрінді. Таңсық емес-ау, бүгінде соғым союды азайтқанымызды несіне жасырамыз. Баяғы әжелеріміздің баптайтын ауылдың сүр еті көзден бұл-бұл ұшқалы қашан.
Серіктестіктің Көкшетау қаласының өзінде алты дүкені бар екен. Онда дайын өніммен бірге, жаңа сойылған төрт түлік еті сатылады. Алматы мен Астана қалаларында да «Бижанның» өнімдері үлкен сұранысқа ие екенін директордың сөзінен аңғардық. Қара малдың сирақтары да тап-таза жуылып, дайын өнім түрінде сатуға шығарылады. Шәкіржан Әнтаевтың айтуынша, қалдықсыз өнім өндірісі жолға қойылған. Осы аз ғана жыл ішінде біраз жетістіктерді еңсергенін де байқадық. Мәселен, бұрнағы жылдары Мәскеуде өткен көрмеде сиыр консервісі бас жүлде алған екен. Өткен жылы қой мен жылқы етінен жасалған өнімдер Алматыдағы халықаралық көрмеде бірінші орынды, Астанадағы халал өнім көрмесінде қазақы шұжықтар екінші жүлдеге ие болыпты.
Әңгімеміздің басы халалмен басталғаны тегін болмаса керек. Елорда көрмесінде де халал өнімдері жоғары баға алды. Бір жағынан біз көргенімізді айтып, «Бижанның» бар өнімі халал дегенімізге ел қалай сенеді деген де ой қылаң берді. Оның өнімдерінің халал екенін дәлелдейтін құжат бар ма деген сауалдың қойыларын білгендей, бас директор Алматыдағы Мүфтият жанындағы сараптау зертханасына өнімдерін тексерістен өткізуге жібергендігін айтты. Онда терең зерттеле келе, «Бижанның» өнімдерінде адам ағзасына зиян әртүрлі қосынды заттар, сонымен бірге, шошқа майының түйіршіктері мүлде жоқ екенін анықтаған сертификат берілген.
Халал стандарты сертификаттарын мүфтият соңғы жылдары ғана бере бастады. Бұл саладағы жұмысты қолға алып, оны заманауи зертхана арқылы зерделеуге бет бұрылуда. Ал, осы күнге дейін оңды-солды таратылған халал сертификаттарына жұрттың бәрі сене бермейтіні содан. Сондықтан, еліміздің мүфтияты арнайы зертханадан өткізіп барып берген халал сертификаты бар өнімді қорықпай ала беруге болатынын айта кеткен артық болмас. Бұл да уақыттың өз талабы екенін жоққа шығармасақ керек.
Бақыт СМАҒҰЛ,
журналист.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар