Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елбасы жолдауы: 10 міндет - АРҚА АЖАРЫ

Елбасы жолдауы: 10 міндет

Өңірлік дамудың өрісі кеңейе бермекші

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы Жолда-уында дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы еліміздің 10 нақты міндетін айқындап берді. Қазақстан бұл мақсатты бағытты уақыт ырғағындағы дайындықпен алға жылжытып келеді. Әйткенмен, Президенттің сөзімен айтқанда, «бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді». Сондықтан, өнеркәсіп болсын, мемлекеттік басқару болсын, кез келген өзге салалардың дамуы жаңа көзқарасты талап етеді және алға қойылған міндеттің барлығы цифр-ландыру үдерісіне тәуелді болмақ.
Жаңа Жолдаумен таныса отырып, оның соншалықты жатық баяндалғанын, әрбір азаматтың түйсігіне түсінікті жеткізілгенін, 10 міндеттің қандай нәтиже беретінін айқын қабылдаймыз. Бүгінгі күні ауыл-аймақтағы талқылау жиналыс-тарында жұртшылықтың тасқынды жігер үстінде екендігін, Жолдау тағылымдарын қолдап қана қоймай, іскерлік ұсыныс-пікірлерін ортаға салуға талпынатынын байқаудамыз. Осының өзі ел ішінің серпіліс үстінде екенін, іргелі істерге үлес қосуға тырысатынын және болашаққа үлкен сеніммен қарайтынын көрсетеді. Мұны ауданымыздағы іргелі
істермен де байланыстыра аламын.
Ауыл шаруашылығы дамыған Жақсы ауданы үшін Елбасы қадап айтқан «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі» атты жетінші тапсырмасы бірінші кезектегі басымдыққа ие екендігі анық. Бұл ауыл тұрғындары тіршілігінің күн тәртібінен түспейтін қағидат. Мұнда жер қадірін білетін, оған жанашырлықпен қарайтын адамдар тұрады. Олар үнемі ізденіс үстінде. Диқандарымыз егістікті баптаудың, малшыларымыз түлік түсімділігін арттыруың қамында. Нәтижелі қайтарым да баршылық.
Ауданымызда өткен жылы әр гектардан 14,3 центнерден астық жиналды. Бұл облыстық орта көрсеткіштен жоғары. Табыс төркінін шаруашылықтардың 2017 жылы 60 бірлік техника сатып алғанымен, 590 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілгенімен сабақтас айтқым келеді.
Сонымен қатар, ауданда мал шаруашылығын дамыту да жақсы жолға қойылған. Жыл сайын мал басы артып келеді. Нақтылай көрсетсек, ірі қара мал саны 4,3 пайызға, жылқы басы 4,5 пайызға, қой мен ешкі саны 3,7 пайызға өсті.
Жақсы өңірінде бірқатар мемлекеттік бағдарламалар табысты арнамен жүзеге асырылуда. Мысалы, «Береке» бағдарламасы бойынша 45,7 миллион теңге, «Игілік» бо-йынша – 77,3 миллион теңге және «Алтын асық», «Құлан» сияқты бағдарламалар арқылы несие қаржысы алынып, мал басы көбейтілуде. Салалық озық технологиялар көрініс беруде. Мал қыстату науқанына жақсы дайындықпен кірісіп, 59,3 мың тонна жемшөп әзірленді. Бұл өткен жылғыдан анағұрлым көп.
Ауданымызда 8 ауыл шаруашылық кооперативі құрылған, оның 5-уі асыл тұқымды мал өсіруге бағытталып отыр.
Өнеркәсіп нысандарының дамуы-на келетін болсақ, дамудың озық үлгілері бой көрсетуде. Индустрияландыру үрдісін тиімді пайдаланудың арқасында өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 2661,1 миллион теңгені құрады. «Жақсы» маркасымен шығатын өнімдер республика көлеміне танымал. Ендігі кезекте шикізатты қайта өңдеу, өнеркәсіпті көтеру мақсатында «Урожай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде күніне 500 тонна ұн тартатын және жарма шығаратын кешен салынады деп жоспарлануда. Осы орайда, «ТНК» агрофирмасының ұжымы өткен жылы халықаралық арнайы «Кемел іскерлік» сыйлығына ие болғанын ризалықпен атап өткім келеді.
Елбасының халқымызға арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында адами капиталды тиімді пайдалану мен оның мүмкіндіктері мен қарым-қайратына кең өріс ашу, бизнес қауымдастықтың еркін қимылын қамтамасыз ету, әлеуметтік қамсыздандыру үрдісін дамыту, тиімді мемлекеттік басқаруды жетілдіру, жемқорлық көріністеріне тоқтау салу сияқты өзекті мәселелерге басымдық берілді. Жақсылыққа, жаңалыққа жаны құмар Жақсы елі үшін осы
тапсырмаларды орындау – ауыл шаруашылығы дамуының, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартудың кепілі болмақ.

Қанат ОТЫЗБАЕВ,
Жақсы ауданының әкімі.

Әлеуметтік төлемдер жыл сайын өсіп отыр

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында мемлекетіміздің одан әрі табыс-ты дамуы үшін анық бағдар беріліп, 10 маңызды міндет белгіленді.
Елбасы саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында мемлекетіміз экономиканы, саясатты және
сананы жаңғыртуға кіріскендігін атап өтті.
–Технологиялық және инфрақұрылымдық тұрғыдан дамудың жаңа кезеңіне тың серпін берілді, конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы балансты нақтылай түсті. Ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастады. Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бас-тауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.
Президент өзінің жыл сайынғы Жолдауларында үнемі әлеуметтік саясатқа ерекше назар аударады. Осы жолғы Жолдауында мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінің барлығын толықтай орындайтындығы туралы нақты айтылды. «2016-2017 жылдары зейнетақы мен жәрдемақы үш рет көбейді. Базалық зейнетақы жалпы алғанда 29 пайызға, ынтымақты зейнетақы 32 пайызға, бала тууға байланысты жәрдемақы 37 пайызға, ал, мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақының әрқайсысы 43 пайызға өсті» деп атап көрсетілді.
Республикалық бюджеттің әлеуметтік салаға бөлінген шығыны 2018 жылы 12 пайызға өсіп, 4,1 триллион теңгеден асты. Әлеуметтік төлемдерді, соның ішінде зейнетақыны өсіру 3 миллионнан астам қазақстандықтың табыстарын көбейтеді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8 пайызға артты. Мүгедектерге, асыраушысынан айырылған және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған жәрдемақылар 16 пайызға дейін өсті. 2018 жылдың 1 шілдесінен бас-тап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты
орташа алғанда 1,8 есе көбейетін болады.
Бұдан бөлек, Президент 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырды. Бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес мұндай жәрдемақыны шамамен 14 мың отбасы ай сайын алады. 2018 жылы осы мақсатқа 3 миллиард теңгеге дейін қаржы қажет болады.

Виталий ГОРОДЕЦКИЙ,
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
КЕАҚ-ның Ақмола облысы бойынша
«Әлеуметтік төлемдерді
ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің директоры.

Кәсіпкерлік өркендесе, белгіленген міндеттер де орындала түседі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел халқына жолдайтын жыл сайынғы кезекті Жолдауын телеарналар арқылы мәлімдеме ретінде берді. Биылғы Жолдау «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деген тақырыппен шықты. Маңызды құжаттың алға қойып отырған міндеттерінің басым бөлігі өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласына байланысты. Бұл орайда, біздің де пікір білдіргеніміз дұрыс болар.
Біздің ұжым Елбасының кезекті Жолдауымен мұқият танысты. Мемлекет басшысы биылғы жылдың маңызды құжатында алға қойған міндеттер ішінде ең алдымен индустрияландыруды, яғни, біздің басқармаға тікелей қатысы бар айтулы мәселені алға тартты. Бұл бізге жүктеліп отырған үлкен жауапкершілік екендігін түсінеміз. Таңдап алынған бағытымыздың дұрыс екендігіне көзіміз жетті. Әсіресе, біздің облыс аграрлы аймақ ретінде үздіктер қатарынан көрініп жүр. Соңғы уақытта өнеркәсіптік өндірістер көлемі бо-йынша аграрлық саланың жалпы өнімі бұрынғыдан біраз жоғарылады.
Елбасы Жолдауда индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиістігіне ерекше мән берді. Сол себепті, жоғары еңбек өнімділігі бар қайта өңдеу секторына деген бағдарымыз жоқ.
Сонымен қатар, құжатта кәсіпорындарымызды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу қажеттігі айтылды. Біз үшін бұл міндетті орындау аса маңызды. Ал, бұған қол жеткізу үшін ақмолалық кәсіпорындармен бұл мәселені бірлесіп, талқылап, жұмыс жоспарын бекітуіміз керек. Біз кәсіпорындармен және жеке кәсіпкерлермен ынтымақтасып, бірлесіп қана бар күшімізді жұмсап, аймақтың дамуына тиімді және қарқынды үлесімізді қосып, қол жеткізе аламыз.
Президент баламалы «таза» энергия саласындағы жетістіктерге де басым назар аударуда. Бұл орайда, біз бизнес-қауымдастықтарды «жасыл» технологияны инвестициялауға ынталандырып, қазіргі заманға сай тұрмыстық қатты қалдықтарды утилизациялау мен қайта өңдеуге аса мән беретін боламыз. Бұл біздің Жер ғаламшарының алдындағы қарызымыз әрі парызымыз болып табылады.
Елбасының әр өңірде барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру керектігін алға қойғаны бізді қуантып отыр. Бұл жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі. Бұл біздің ертеңгі күнге қосатын үлесіміз, мемлекетіміздің жарқын болашағына деген сенімді қадам.
Елбасының мемлекеттік әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқартуға байланысты жұмыстарды жалғастыру қажеттігі жөнінде айтқанын қолдаймыз. Бұл тармақ кәсіпкерлердің де ойынан шықты деген сенімдемін. Бірақ, бизнесті тәртіпке бағындыру, реттеу деген үлкен мүмкіндік қана емес, асқан жауапкершілік те. Біз өз тарапымыздан «бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз ететін боламыз. Бизнес-климатты жақсарту үшін батыл іс-қимылдар жасауға әзірміз.
Жұмыс көп. Бірақ, біз Жолдаудағы міндеттерге қол жеткізе аламыз деген сенімдемін. Бұл бізге де, кәсіпкерлерге де маңызды әрі қызықты болмақшы.

Ербол ЖАҚСЫЛЫҚОВ,
Ақмола облыстық кәсіпкерлік және
өнеркәсіп басқармасының басшысы.

Әлемдік бәсекеге қабілетті елдің бірі боламыз

Мемлекет басшысы ел халқына арнаған биылғы Жолдауында бүгінгі таңда адамзат баласы жаңа өнеркәсіп революциясы дәуіріне аяқ басқанын атап өтті. Қазіргі заманғы технология әлемді өзгертті. Ауқымды технологиялық алға басушылық өсімнің жаңа мүмкіндігін ашты. Бұл біздің әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына тез арада кіру үшін тарихи мүмкіндік. Қазақстанда бейбітшілік пен этникааралық ынтымақтастық салтанат құрған. Елбасының сындарлы саясаты мен қажырлы еңбектің арқасында біз ширек ғасырдың ішінде әлемдік деңгейдегі биіктерге қол жеткізіп, бәсекеге қабілетті ел болдық. Әлемнің дамыған мемлекеттерінің отыздығына кіру тәрізді нақты мақсат қойған Мемлекет басшысы мемлекеттік саясат пен экономиканы жаңғыртты. Бүгінгі таңда Елбасы адамзат баласы жаңа өнеркәсіптік революция дәуіріне кіретінін атап өтті.
«Мен бұл өнеркәсіптік революцияны тұрғындардың біліктілік деңгейін арттырып, ескіше ойлаудан босатып, жаңа серпінді дамып келе жатқан қоғамға дайындап, оның цифрлық қажеттілігімен индустриалдық қоғамды белсенді құрудың заңды дәуірі ретінде көремін» деп атап көрсетті ол.
Осы орайда, Мемлекет басшысы біз жүзеге асыратын негізгі он міндетті белгіледі. Қазақстандық индустрияның міндеттері нақты анықталған. Оны жүзеге асыру кезінде барлық басты үрдістерді цифрландыру және қазіргі заманғы бизнестің жаңа қырын игеру арқылы еңбек өнімділігі деңгейін арттыру үшін барлық инвесторлар мен өндірушілер жаңа технологияларды толық енгізеді. Мұнайгаз саласын, агроөнеркәсіп кешенін, көлік және логистикалық инфрақұрылымдар секторын дамытуда инфрақұрылымдық басқарудың зияткерлік жүйесіне қазіргі заманғы цифрлық технологияны қолданумен ақпараттық-технологиялық шешімді енгізу дұрыс. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жүйесі қазақстандықтардың өмірінде өндіріс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Қаржы саласы әсіресе, тәуелсіздік жылдары банк жүйесін сауықтыру бойынша Н.Ә.Назарбаев қабылдаған барлық шаралар қарапайым азаматтардың мүддесін нақты есепке алып, қазыналық бақылау мұқият жүргізіледі. Банктің иелері мен басқарушыларының жауапкершілігі арттырылып, несиелеу мен құнды қағаздар рыногындағы мәселелер шешілуде. Қоғамдық денсаулықты басқаруды нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу тұрғындардың, мемлекет пен жұмыс берушілердің ортақ жауапкершілігіне негізделетіні де дұрыс. Заңның үстемділігі және сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала бермекші. Заң және сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейтілсе, қазіргі заманғы кеңістікте кез келген шешуші міндеттерге қол жеткізуге ықпал етер еді. «Смарт сити» технологияны енгізу «Ақылды қалалар» құрылысы бағдарламасын жүзеге асырады. Бұған ақылды ортаны, инфрақұрылымды құру және бұл қаланы ақылды басқару кіреді. Ақылды жарықтандырудан ақылды аялдамаға дейінгі алдыңғы қатарлы цифрлық технологиямен қазіргі заманғы қалаларды да құру міндеті еліміздің қолынан келеді. Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін тек дұрыс басшылыққа алып, іскерлікпен жүзеге асыру қажет.

Алтынбек БАЯНДИН,
«Ulу Dala Global» қоғамдық
қорының төрағасы.

Жастар жаңа технологияны меңгеруі тиіс

Елбасының биылғы Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы он негізгі міндеттің бірі – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарттарын «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты жетінші негізгі міндетінде айқындап берді.
Сондай-ақ, «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру қажет. Мемлекет жастарға алғашқы мамандықты береді. Ендеше, еліміз дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін барынша талпыныс үстінде. Сондықтан, болашақты бағындыру жастарымыздың қолында десек, цифрлы Қазақстан жобасы жаңғырудың басты мақсатына айналуда. Қазіргі кезде біз осы міндеттерді халыққа дұрыс жеткізуге атсалысуымыз керек, – деп ойлаймын. Себебі, әр салаға енгізіліп жатқан цифрлық технологияларды меңгеру, оны білім саласымен қоса барлық салаларда дамыту жастарымызды кемел келешекке бастайтын бірден-бір қадам.
Елбасымыз айтқандай, бұл міндеттерді орындау жолында халқымыз ынтымақты және ауызбірлікті болуы керек. Онсыз біз алға жылжи алмаймыз. Сондықтан, Елбасының биылғы Жолдауын толық қолдай отырып, еліміздің өркендеуіне жастарымыздың да қосар үлесі зор деген сенімдемін.

Тимур ЫСҚАҚОВ,
Ақмола облыстық жастар ресурстық
орталығының басшысы,
Көкшетау қалалық
мәслихатының депутаты.

Бірлесіп талқылап, маңызы зор екеніне көз жеткізді

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған биылғы Жолдауын талқылау мақсатында Ерейментау қаласындағы №1 орта мектебінде ұстаздардың қатысуымен жиын болып өтті.
Мектеп директоры Төлеген Дүйсенов маңызды құжатта айтылған он міндетке жеке-жеке тоқталып, ұстаздар қауымына алдағы уақытта елімізде білім саласында орын алатын өзгерістер жайында кеңінен түсіндіріп өтті. 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттары енгізілетіні, орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталып, ол 2021 жылға дейін толығымен аяқталатыны жиында кеңінен айтылды.
–Елбасымыз Жолдауда атап өткендей, 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет. 2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыс-тану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру бас-талды. Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады, – деген мектеп директоры педагогика қызметкерлерін осы міндеттерді бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.
Жолдауда мектептердің және мұғалімдердің деңгейі, білікті педагогтардың жетіспеу проблемасы сияқты мәселелер өте орынды көтерілген. Президентіміздің стратегиялық бағдарламалары Қазақстанды өсіп-өркендеген елге айналдыратынына кәміл сенеміз.

Айман СЕРІКОВА,
№1 орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі.

Ерейментау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар